• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысының ауыл шаруашылығында бірыңғай саясат болуы тиіс

Алматы облысының бірқатар аудандарында дақылдар тұқымын жақсартуға мән берілмейді. Көктемгі дала жұмыстары басталатын уақыт жақындағанымен минералды тыңайтқыштарға тиісті өтінім берілмеген. Жанар-жағармай қорын жинақтау жұмысы нашар. Осы және басқа да кемшіліктер бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1297 гектарға көбейіп, жалпы 974 мың гектарға себіледі, оның ішінде дәнді дақылдар – 484 мың және майлы дақылдар – 132 мың гектар. Қажетті 202 мың тонна тұқым толығымен даярланды. Дегенмен аудандарда тұқымдардың сортын жаңартуға аса мән берілмей келеді, Ақсу, Балқаш, Жамбыл аудандары мен Талдықорған қаласынан тұқым шаруашылықтарынан жоғары репродукциялы тұқым алынбаған. Жалпы облыстағы құйылған барлық тұқымның 10 мың тоннасы ғана - аттестталған субъектілердің өнімі. 

- Жалпы облыс және Алматы қаласы тұрғындары қажеттілігін қамтуға маусым аралығына 280 мың тонна картоп керек, ал облыстағы 53 қойманың сыйымдылығы 52,4 мың тонна немесе 37% ғана жабады. Алматы агломерациясын дамытуға тиісті Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары мен Қапшағай қаласында бір қоймадан ғана бар, яғни заманауи қоймаларды салуға инвесторлар тартуды жандандырумыз қажет, - деді Ә.Жақанбаев.

Бүгінге дейін минералды тыңайтқыш сатып алуға Райымбек, Балқаш аудандары өтінім бермеген, ал Жамбыл, Көксу, Ұйғыр, Ескелді, Ақсу аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жоспарланған көлемнің 6% дейін ғана алған. Шаруашылықтарда жанар-жағармайдың қажетті қорын қалыптастыру нашар жүргізілуде.

Облыстық бюджеттен 12,5 млрд. теңге жұмсалып 1331 дана техникамен қамтылған  56 сервистік-дайындау орталығының бүгінде тек 5-еуі ғана тиімді жұмыс жасайды, ал 12 СДО өз міндеттемелерін орындамағандықтан олармен арадағы келісім-шарт бұзылған. 13 СДО-ның лизингтік төлемінде 373 млн. теңге қарыз бар. Осы мәселелерге терең талдау жасаған Ә.Жақанбаев: «Аталмыш орталықтарды құрудағы негізгі мақсат – шағын фермерлерге тікелей қызмет көрсету болатын, алайда көбінің толыққанды жұмыс жасамауы ұсақ шаруалар арасында наразылық тудыруда. Сервистік дайындау орталықтары аудан, қала әкімдерінің өтінішімен құрылғандығын ескеріп, олардың жұмысын оңалтуда нақты шаралар қабылдаулары қажет», - деді ол. Сол сияқты су үнемдеу технологиясын қолдану, су каналдарын қалпына келтіру, мал азығы дақылдарының егістігін ұлғайту, ауыл тұрғындарының жайылымдық алқаптарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету және тағы басқа да мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталды.

«Қазсушар» РМК Алматы филиалының директоры  С. Құдайбергеновтың сөзіне сүйенсек, өткен жылы жалпы көлемі 134,4 мың гектарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 7 866 келісім-шарт жасалып,  133,1 мың гектарға 1 065 470 м3 көлемде су жеткізілген. Биылғы жылы да осы шамада су беру жоспарланып отыр.  

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев Ақсу, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарының әкімдерінен кемшіліктерді қалай түзететінін сұрады. Мәселен, Ақсу ауданында төл алу деңгейі облыстың орташа көрсеткішінен төмен. Минералды тыңайтқышқа өтінім беруде сылбырлық көрсетіп отыр.  Қант қызылшасының белгіленген көлемін тиісті деңгейде орындай алмаған. Аудан әкімінің жұмысын сынға алған облыс басшысы:

- Ақсу ауданында халық негізінен ауыл шаруашылығымен күн көріп отыр. Ендеше ауыл шаруашылығының мәселелерін қалай назардан тыс қалдыруға болады? Сонда сіз немен айналысып, не істеп жүрсіз? Жылы кабинетте отырып, жақсы көлік мінумен іс бітпейді. Әлібек Әскербекұлы, Ақсу ауданына арнайы барып, жағдайды тексеріп көріп қайтыңыз, - деп тапсырды өз орынбасарына Қанат Бозымбаев.

Сонымен бірге Кербұлақ ауданындағы мал азығы мен минералды тыңайтқыш дайындаудың төмендігі, Ұйғыр ауданында кейбір дақылдар көлемінің азайтылғаны, оның себебі мен салдарлары сөз болды.

- Бүгінгі жиында аграрлық саланың көптеген өзекті мәселелері айтылды. Бұл проблемалар облыстың ауыл шаруашылығында бірыңғай саясаттың жоқ екенін көрсетіп отыр. Бір аудан бір дақылды азайтса, екіншісі оны көбейтеді, қалыптасқан бір реттік жүйе жоқ. Сондықтан бұл жұмыста жіберілген олқылықтарды ескере келе, ауыл шаруашылығы саласын дамыту жоспарын өзектендіру керек, - дей келе облыс әкім Қанат Бозымбаев көктемгі егіс науқанын мерзімінде әрі сапалы өткізуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді.  

Жалпы Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 47 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде мал шаруашылығына – 21 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығына – 6,7 млрд., инвестициялық субсидиялауға – 12 млрд., су шаруашылығына – 2,5 млрд. және қайта өндеуге – 2 млрд. теңге, ауыл халқын несиелендіруге – 3,6  млрд. теңге қарастырылған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 05.03.2022
  • 242
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика