• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алакөлге енді «Тальгомен» баруға болады

Алдағы туристік маусымда Алакөл бағытына «Тальго» жүрдек пойызы жүреді. «Қазақстан Темір Жолы» АҚ басшылығы мен Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осындай меморандумға қой қойды. Сонымен бірге көл жағалауына жолаушы тасымалдайтын барлық пойыздардың жайлы болуына, сапалық деңгейін арттыруға назар аударылады. Мәселен, «Жолаушы тасымалы» АҚ-ның барлық вагондары желдетудің заманауи жаңа жүйесімен қамтамасыз етілмек, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талдықорғандағы кездесу барысында Қанат Бозымбаев пен Нұрлан Сауранбаев инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші жолдың және Алматы темір жол торабын айналып өтетін Жетіген – Қазыбек бек айналма желісінің құрылысын жүргізу мәселелері де сөз болды. Инфрақұрылым жобалары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасына енгізілген. Учаскелердің өткізу қабілетін арттырумен қатар жобалар мультипликативті нәтиже береді, сондай-ақ Алматы облысының экономикасына да оң ықпал етеді. Құрылыс барысында өңірдегі өндірушілердің  құрылыс материалдарын пайдаланып, жергілікті мамандарды тарту жоспарланып отыр. Жалпы 3500 адамға жұмыс беріледі.

Кездесуге қатысушылар Алакөл көліне жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударды. Індет жағдайына қарамастан 2019-2021 жылдар аралығында курорттық аймақтарға барған жолаушылар легі 264% артқан. Өткен жылғы 11 жазғы маршрутты (8 – «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 3 – жеке тасымалдаушылар) сақтай отырып, 240 мыңдай жолаушы тасымалдау жоспарланған. Бұл ретте ұсынылған орындардың жалпы саны 340 мыңнан асады. Сондай-ақ бұл бағытқа «Тальго» жүрдек пойызын шығарып, күнара жүргізу жоспарланып отыр. Жолаушыларға жайлы, билет бағасы қолжетімді вагондар жүргізу үшін облыс әкімдігі тарапынан субсидиялау мәселесін шешу қажет.

Вагондарда кондиционер мен ыстық су жоқ, басқа да жағдайлар жасалмаған деген жолаушылардың шағымдарына байланысты облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ өкілдерімен бірлесіп жеке тасымалдаушы компаниялардың вагондарын аттестациялауды ұсынды. Енді әрбір тасымалдаушы пойыздарының жайлы болуына назар аударуы тиіс. Бұл ретте сұранысқа сәйкес купе типті вагондар саны ұлғайтылады. «КТЖ» күшімен Ақши, Көктұма, Жалаңашкөл стансылары ретке келтірілді, жолаушылар платформасы ұзартылды, қорғаныс қалқандары орнатылды.

Жиында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Достық стансысындағы корпоративтік тұрғын үйлерін жекеменшікке беру және инфрақұрылымын жергілікті атқарушы органның балансына өткізу туралы мәселе де қозғалды. Бұл ретте жергілікті әкімдік тиісті көмек көрсетеді.

Көтерілген мәселелер кездесу соңында Алматы облысы әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандуммен бекітілді.  Құжатта темір жол инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, аймақтағы жүк тасымалы көлемін ұлғайту, Алакөл көлінің туристік әлеуетін арттыру мәселелері қамтылған.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығымен ынтымақтаса отырып, өңірдің машина жасау саласын дамытудың да маңызды екеніне тоқталды.

- Біз экологияға зиянын тигізбейтін индустрияны дамытуға екпін түсіреміз. Атап айтқанда, машина жасау саласын дамытамыз. «ҚТЖ-ның» сұранысын білсек, онда тиісті құрал-жабдықтарды шығаруға дайынбыз. Ол үшін инвесторлар тартамыз. Талдықорғанда осы саланы дамыту қажет. Бұл етте бізге сіздердің қолдауларыңыз керек. Біз өз тарапымыздан инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, Алакөл көліне жолаушылар тасымалдауды субсидиялауға тиісті көмек көрсетеміз. Жергілікті мазмұнды дамыту, тұрақты жұмыс орындарын ашу – бұл сіздермен бірлескен ісіміздің тек алғашқы жемісі ғана, одан да көп мүмкіндіктерге жол ашылады, - деді Қ. Бозымбаев.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 05.03.2022
  • 254
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика