- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
ҚР АҚДМ кеңейтілген алқа отырысы өтті
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, оның барысында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды.
Отырысқа ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, үкіметтік емес және діни ұйымдардың, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысты. Министр Асқар Умаров 2021 жылдың негізгі қорытындылары мен ведомствоның 2022 жылға міндеттері туралы айтып берді.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2021 жылы ауқымды жұмыс атқарды. Сонымен бірге, заман өзгерісіне сай Мемлекет басшысы мен Үкімет министрліктің басым бағыттарын жаңа форматта іске асыруды тапсырды»,- деп атап өтті Асқар Умаров.
Министр өз баяндамасында 2022 жылы министрліктің барлық бағыттары бойынша жұмыс ақпарат саласын дамыту және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге бағытталатынын атап өтті. Осылайша, ол 2021 жылы өткен Қазақстанның X Азаматтық форумының қорытындысы бойынша ҮЕҰ, БАҚ, бизнес және жалпы азаматтық сектор өкілдерінен 1000-нан астам ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түскенін атап өтті. Министрдің айтуынша, қоғамнан келіп түсетін барлық сындарлы ұсыныстар назардан тыс қалмайды және Министрлік пен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан егжей-тегжейлі зерделенеді.
Вице-министр Александр Данилов мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Ол ауыл жастарын және әлеуметтік осал жастарды әлеуметтендіру, кәсіби бағдарлау, жұмысқа орналастыру бойынша ұсынылған шаралар туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» РММ қызметі туралы Ғалымжан Құсманғалидің баяндамасымен этносаралық қатынастарды дамыту саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Сондай-ақ, негізгі спикерлер арасында азаматтық қоғам өкілдері: Қазақстан Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Қазақстан Интернет ассоциациясының президенті Шавкат Сабиров сөз сөйледі. Олар Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы өзекті мәселелерге тоқталып, өздерінің нақты ұсыныстарын айтты.
- 09.03.2022
- 260