• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Alina Group Алматы облысында жаңа кәсіпорындар ашады

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен «Alina Group» компаниялар тобының жетекшісі Ерлік Балфанбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесу барысында қос тарап өңір экономикасын, соның ішінде инновация және құрылыс салаларын дамыту туралы мәселелерді бірлесіп талқылады. Меморандумда құрылыс материалдарын шығаратын екі жобаны іске асыру шаралары қарастырылған. Жобалар алдағы 5 жылға жоспарланып отыр, осы 5 жыл ішінде 2 жобаға 16,3 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады, 500-ден астам жұмыс орны ашылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, компания Текелі қаласында мрамор ұнын шығаратын зауыт ашып, соның базасында құрылысқа қажетті құрғақ қоспалар желісін құруды жоспарлап отыр.

Екінші кәсіпорын Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриалды аймағында орналасады. Онда лак-бояулардың сан түрі мен автоклав газблоктары өндіріледі.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, жаңа кәсіпорын Алматы және Талдықорған өңірлерінің экономикалық дамуындағы диспропорцияны азайтуға бағытталған маңызды нысандардың бірі болмақ. Қазір тағы бірнеше инвестормен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар облыс орталығы мен оған жақын аудандарда өндіріс ашуға ниетті. Бұл жаңа технологияларды қолданатын, экологияға зиянсыз кәсіпорындар болады.

  • Алдағы уақытта Талдықорғанда бірқатар жаңа кәсіпорындар ашылады. Атап айтқанда, шағын тігін фабрикасы, полипропилен құбырларын шығаратын зауыттар, керамикалық кірпіш, темірбетон конструкциялары мен басқа да қажетті құрылыс материалдары шығарылады. Тұрақты жұмыс орындары ашылады. Осылайша индустрияландыру арқылы халықтың тұрмысын жақсарту жоспарланып отыр. Бізде білікті техникалық мамандар дайындалып, жұмыс істейтін болады. Оған қоса шағын және орта бизнесті дамытамыз. Тұрғындар 2-3 жылдан кейін оң өзгерістерді сезіне бастайды. Бұл - менің облыс әкімі ретіндегі басты міндетім. Осы орайда Alina Group компаниясы іске асыратын жобалар біз үшін маңызды. Біз өз тарапымыздан жобаға барлық кезеңдерінде қажетті қолдау көрсетеміз. Әрине, ойға алған жоспарларды 100% орындау кейде қиынға түседі. Дегенмен біз оның басым бөлігін орындауға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деді Қанат Бозымбаев.

Жаңа кәсіпорындар ашу арқылы туристік әлеуеті мол Текелі қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріледі. «Alina Group» компаниясы иелігіндегі «Oi-Qaragai Лесная сказка» жыл бойы жұмыс істейтін танымал ірі курорттардың бірі екенін ескерсек, бұл тәжірибе жаңа перспективаларға жол ашады.

Биылғы жылы Текелі қаласын газдандыру жұмыстары басталады. Сумен қамту жүйелерін жаңғырту сияқты маңызды проблемалар облыс әкімінің жіті бақылауында.

Alina Group компаниялар тобының негізін қалаушы Ерлік Балфанбаевтың айтуынша, әрлеу және құрылыс материалдарын өндірумен және сатумен айналысатын компаниялары нарығының отандық нарықтағы үлесі 60% шамасында, бұл ретте өнімдерінің 15%-і Ресейге және Орта Азия елдеріне экспортталады.

- 1999 жылы біздің компаниямыз құрылыс материалдарын шығара бастады. Қазіргі кезде 5 қала мен 3 облыста біздің өндірістік алаңдарымыз бар. Соның арқасында 3 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күні өндірістік қуатының аздық етуіне байланысты жаңа кәсіпорындар ашу, соның ішінде оңтүстік өңірлерде ашу қажеттілігі туып отыр. Сондықтан Алматы облысының басшысынан серіктестік байланыс туралы ұсыныс түскенде қуана қабылдадым. Біз әрдайым бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Туризмді дамытуды да назардан тыс қалдырмаймыз. Ұсынылып отырған мемлекеттік бағдарламалар бізге мол мүмкіндік беріп отыр. «Oi-Qaragai Лесная сказка» отбасылық курортының тау шаңғы трассасының ұзындығы шамамен 20 км болса, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген жағдайда оның ұзындығы 60 шақырымға жетеді, - деді Е. Балфанбаев.

Кездесу соңында құрылыс және лак-бояу материалдарын шығару ісіндегі серіктестік байланыстар  меморандуммен бекітіліп, құжатқа қол қойылды.

 Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 11.03.2022
  • 246
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика