- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Түркия Республикасымен әскери тарих саласындағы ынтымақтастық туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленді
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери мұрағаттар, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 150 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған түзетулер хаттама жобасының мәтініндегі редакциялық өзгерістерге байланысты енгізіледі.
Осы құжат әскери мұрағаттар, әскери тарих, музейтану және әскери жарияланымдар саласында өзара мүдделестікті тудыратын іс-шараларды ұйымдастыруды реттейді.
Осының нәтижесінде екі мемлекет арасындағы әскери ынтымақтастықтың даму көкжиегі кеңейеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен биылғы жылғы 5 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14036709
- 17.03.2022
- 208