- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Ұлттық экономика министрі келді
Жұмыс сапарымен біздің облысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыров келді.
Бүгін Министр қуаты 50 Мвт «Ыбырай» ЖЭС құрылысының барысымен танысты.
Содан кейін «АгромашХолдинг KZ» АҚ-на барып, министрмен бірге Қостанай облысының тұрғындарымен және қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездестік.
Одан кейін министр Ә.С. Қуантыров азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға несие беру, елді мекендердің көшелерін жөндеу және т. б. мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.С. Қуантыровта облыстың басқа да бірқатар нысандарын аралау жоспарланған.
- 28.03.2022
- 217