- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
АТМӨ-ге қатысушы елдер Қазақстанның волонтерлік қызметті қолдау жөніндегі бастамаларын қолдайды
Бангкокта (Тайланд) орнықты даму жөніндегі 9-шы Азия-Тынық мұхиты форумы аясында 2022 жылғы «Әлемдегі еріктіліктің жай-күйі туралы» баяндаманың тұсаукесері өтті.
Аталған іс-шараға қазақстандық делегация құрамында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысты.
М.Қожахмет өз сөзінде баяндаманың жемісті ынтымақтастық рухымен қаныққанын атап өтіп, АТМӨ-ге қатысушы елдерді жаңа жаһандық сын-тегеуріндер аясында өмірдің барлық салаларында жоспарлау көкжиегін кеңейтуге шақырды.
Пікірталас барысында Қазақстанның волонтерлік саласындағы жетістіктері және елдегі волонтерлік қозғалыстың одан әрі даму келешегі таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар Қазақстанның 2020 жылы Волонтер жылын өткізудегі тәжірибесін жоғары бағалады, сондай-ақ БҰҰ волонтерлерін жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау және ағымдағы жылы Орталық Азия волонтерлер форумын өткізуге дайындық жөніндегі бастамаларға қолдау білдірді.
Анықтама: Азия-Тынық мұхит форумы даму мәселелері жөніндегі өңірлік диалогқа жәрдемдесу мақсатында БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхит елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) аясында өткізіледі.
- 04.04.2022
- 214