- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
05.04.2022 ж. ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. Абаевтың Үкімет отырысында сөйлеген сөзі
Президент бұқаралық спортты дамытуды мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі.
Аталған саланы табысты басқару – адами капиталды арттырудың, ұлт денсаулығын нығайтудың, жастардың бойына сындарлы құндылықтарды сіңірудің кепілі.
Бұл тұрғыда мемлекет халықтың дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуын үнемі қамтамасыз етіп отыруы маңызды.
Оны іске асыру аясында Министрлік әкімдіктермен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп төмендегі шараларды жүзеге асыруды көздейді:
Бірінші. Спорттық инфрақұрылымның қажеттілігіне талдау жүргіздік.
Жалпы аймақтық стандарттар жүйесі бойынша мың адамға арналған спорт залдың аумағы 80 шаршы метрді құрауы керек. Алайда өңірлердегі нақты жағдай бұл стандартқа сәйкес келмейді.
Елді мекендерде спорт залға деген қажеттілік бір жарым миллион шаршы метрден жоғары, ал қолданыста – 935 мың шаршы метр бар.
Демек, спорт алаңдарының тапшылығы 39% немесе 574 мың шаршы метрді құрайды.
Спорт зал жетіспейтін аймақтардың қатарында Түркістан, Алматы облыстарын, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларын айтуға болады.
Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай жақсы, бірақ бұл аймақтарда инфрақұрылым жағынан кемшіліктер жоқ емес.
Жалпы республика бойынша 42 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, соның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерлерде орналасқан.
Өздеріңіз білетіндей, спорттық инфрақұрылым жетіспеушілігін шешу мақсатымен 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы жүзеге асырылған болатын.
***
Алихан Асханович, хотел бы отметить, что построенные физкультурно-оздоровительные комплексы действительно улучшили ситуацию с доступностью спортивных объектов.
Однако мы должны признать, что это дорогостоящие проекты, требующие больших средств на хозяйственное обеспечение.
Некоторые из них построены в малоперспективных населенных пунктах, откуда идет отток жителей. Из-за чего некоторые комплексы работают не на полную мощность.
Сами сооружения включают в себя площади нецелевого назначения. Это атриумы, огромные коридорные пространства.
Мы предлагаем изменить подходы.
Одним из решений данного вопроса представляется строительство быстровозводимых и малозатратных спортивных модулей. К примеру, акимат Северо-Казахстанской области начал применять такой опыт для обеспечения спортивной инфраструктурой сельских населенных пунктов.
Это гораздо дешевле, функциональнее и быстрее. Просим чтобы акиматы рассмотрели данный подход.
*****
Бұдан бөлек, Үкіметке 2025 жылға дейін спорттық инфрақұрылымды дамытудың арнаулы жоспары ұсынылды. Осы құжат аясында 140 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның 113-і – жаңа нысандардың құрылысы, 21-і – реконструкциялау және 6 жоба – қосымша жарақтандыру.
Екінші. Мемлекеттік спорттық тапсырыс. Бұл – азаматтардың әлеуметтік жай-күйін жақсартудағы маңызды құралдардың бірі.
2021 жылдың 1 мамырынан бастап спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру механизмі енгізілді. Соның нәтижесінде 4 пен 17 жас аралығындағы 217 мың бала мен жасөспірім тегін спорт секцияларына қатысып жүр.
Алайда бұл механизм әлі де жетілдіруді қажет етеді.
Мұны уақытында шешпесек, Президенттің тікелей тапсырмасы орындалмауының қаупі бар және әлеуметтік наразылық та артуы мүмкін.
Ең алдымен, қаражат тапшылығы. Бірқатар аймақ бір жылға бөлінген ақшаны бір тоқсанда жұмсап тастаған.
artsport.kz. порталының жұмысына қатысты мәселелер де жетерлік. Жергілікті атқарушы органдарымен қатар, қызмет ұсынушылар да порталды теріс пайдаланатын жағдайлар кездеседі.
Осыған орай біз:
1) Қызмет ұсынушылардың өтінімін қарастыру мерзімін 5 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне дейін ұзартуды ұсынамыз. Қазір әкімдік қызметкерлеріне күніне 100 өтінімге дейін түседі. Бұл өтінімді сапалы түрде қарастыруға мүмкіндік бермейді.
2) Ғимараттың сыйымдылығы мен жаттықтырушы санына қарай отырып, бір қызмет ұсынушыға спорт түрі, айналысатын топтар мен бала саны бойынша шектеу орнатуды ұсынамыз.
3) Требуется тщательная доработка программы artsport..
Прежде всего, необходима ее интеграция с государственными базами данных.
Имеющиеся пробелы в работе системы допускают финансирование мертвых душ, завышение цифр посещений, дублирование поставщиков и финансирования, зачисление детей в секции и кружки поставщиками собственноручно.
Нередко один и тот же тренер встречается в разных заявках поставщиков. А одни и те же объекты проходят по творческому и по спортивному заказу.
Установлены факты регистрации детей, являющихся учениками спортивных школ.
По большому счету этих таких провалов в работе процветают мошеннические схемы и злоупотребления. В результате страдают добросовестные поставщики и главные получатели услуг – дети.
4) Тағы бір маңызды мәселе – жергілікті бюджеттің жалпы спортқа жұмсалатын шығынының жыл сайынғы лимитін орнату. Оның кем дегенде 10 пайызы жан басына қаржыландыруға бағытталуын ұсынамыз.
Шығын аз болса, механизм әрі кетсе жарты жыл жұмыс істейді. Жан басына қаржыландыру механизмі шынайы пайда әкелмесе, оған адамдар сенімсіздік таныта бастайды.
Әлихан Асханұлы, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерін жан басына қаржыландыру – халықтың шын мәнінде оң бағасына ие болған бастамалар. Жүз мыңдаған бала мен жасөспірім уақытын сапалы өткізуге мүмкіндік алды. Алдағы он жылдың көлемінде біз мұның зор нәтижесін көреміз.
Механизмді жетілдіру – шешілетін мәселе.
Үшінші. 2021 жылдан бастап дене шынықтыру сабақтарына ұлттық спорт түрлері міндетті компонент болып енгізілді. Қазір оқушылар арасында «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ» пен «Асық ату» сияқты спорттық ойындар кеңінен танымал.
2021 жылы 57 мың адам ұлттық спортпен айналыса бастаған. Қазір елімізде төл спорт түрлерімен шұғылданатын адамдар саны 500 мыңнан асады.
Төртінші. Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жыл сайын оқушылар мен студенттер арасында спорттық лигалар өткізіліп отырады. Ережеге сәйкес Лига төрт кезеңнен тұрады.
Ұлттық мектеп лигасының сайыстары 10 спорт түрі бойынша өткізіледі. Олар: баскетбол, волейбол, гандбол, футбол, футзал, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, үш адамдық баскетбол, асық ату, бес асық, жеңіл атлетикалық кросс.
Бұл сайыстарға 1,5 млн-нан астам оқушы қатысады.
Финалдық кезең биыл мамыр мен шілде айларында өтеді.
Биыл жетінші Халықтық ойындар мен төртінші Ауыл жасөспірімдері арасындағы ойындар сияқты кезекті кешенді спорттық шаралар өтетінін айта кету керек.
***
Алихан Асханович, вопрос развития школьных лиг – для нас в приоритете. Согласно исследованиям школьные лиги имеют колоссальный идеологический эффект.
Прежде всего, они способствуют развитию социального капитала школьников, расширению контактов за пределами школы, поселка, района, развивают дисциплину и ответственность, укрепляют чувство единения, гордости за малую родину.
Ну и конечно, школьные лиги – это самый эффективный инструмент рекрутинга талантливых спортсменов, социальный лифт.
Бесінші. 3,5 мың негізгі елді мекеннің барлығы 2025 жылға дейін штаттағы спорттық нұсқаушымен қамтамасыз етіледі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша, ауылдық жердегі нұсқаушылар саны 1 232-ден 3 065 адамға өскен.
Алтыншы. Сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда.
2020 жылдан бастап мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 100%-ды құрайды.
Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық үйірмелерді жүргізгені үшін 100% көлемінде базалық қызметтік жалақы төленеді.
Бұл шара республика бойынша 26 мың дене шынықтыру мұғалімін қамтып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қорытындылай келе, жалпы алғанда бұқаралық спортты дамыту бойынша жемісті жұмыстар жүргізіліп, қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтқым келеді.
- 06.04.2022
- 297