- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
СҚО-да 8-шi компьютерлiк томограф балалар ауруханасына орнатылды
Бүгін облыстық балалар ауруханасында жаңа компьютерлік томограф іске қосылды. Бұл біздің ауруханаларда орнатылған 8-ші томограф. Бес жыл бұрын өңірде 4 томограф ғана болатын.
Қалалық көпсалалы ауруханада тағы бір томографты орнату жұмысы аяқталуға жақын. Қолданыстағы КТ аппараттары 1-ші қалалық аурухана мен Мүсірепов аудандық ауруханасына жіберілді.
Жалпы заманауи медициналық жабдықтарды сатып алуға 5 жылда 14 млрд.тг бөлінді. 2 мыңнан астам қондырғы алынды. Рентген аппараттары, цифрлы ангиограф пен маммографтардың тапшылығы мәселесі шешілді.
- 07.04.2022
- 309