• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорғанда өндірістік батареялар шығаратын жаңа зауыт салынады

Талдықорғанда «Asma Industrial» ЖШС стационарлық аккумулятор батареяларын шығаратын зауыт салуға ниеттеніп отыр. Оған 3,2 млрд. теңге инвестия тартылып, кәсіпорынға 120 адам жұмысқа орналастырылады. Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев осы жобаға қатысты «Asma Industrial» ЖШС өкілдерімен кездесіп, меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Талдықорған машина жасаудың экспортқа бағытталған өнімдерін шығарудың орталығына айналды десе де болады.  Бұл жағынан алғанда бізде аккумулятор батареяларын, кабель өнімдерін, коммуналдық құрылғылар, электр насостарын шығаратын «Қайнар АКБ» зауыты, «АСПМК-519» кәсіпорындар тобы, «Азия электрик» сияқты  көшбасшы кәсіпорындар бар. Енді сол қатарға тағы бір жаңа зауыт - «Asma Industrial» ЖШС-ның өндірістік аккумулятор батареяларын шығаратын кәсіпорын қосылғалы отыр. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін біз қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ететін боламыз. Инвесторлар өз тарапынан өндірістік қорғасынды-қышқылды батареялар шығарудағы технология трансферттерін іске асырып, жергілікті тұрғындарға жұмыс береді. Сонымен бірге қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді барынша мол пайдаланатын болады. Ұсыныстарыңыз болса сіздерді тыңдауға әзірмін, - деді Қанат Бозымбаев.

Өз кезегінде «Asma Industrial» ЖШС басшысы Серік Ажмағамбетов жобаның ерекшелігіне тоқталып, алдағы жоспарлары туралы қысқаша айтып берді.

- «Қайнар АКБ» зауытымен салыстырғанда біздің өндірістің ауқымы әзірге үлкен емес. Бірақ біз негізінен әлі игерілмеген салаларға көбірек ден қойғанды жөн көрдік. Яғни біздің батареялар телекоммуникацияда, энергетикада, темір жолда, жаңартылған энергия көздерін пайдалануға қолданылады. Өнімді өткізу нарығы қазірден анықталды. Посткеңестік елдер, Азия мемлекеттері, Еуропаның бірқатар елдері өнімдерімізді алуға дайын. Шығыс өнеркәсіп аймағынан зауыт салуға қажетті жер сатып алдық. Зауытқа орнататын құрал-жабдықтарымыз түгел, «Қайнар АКБ» базасында дайындалған мамандарымыз бар. Материалдық-кадрлық мүмкіндіктеріміз жеткілікті болғандықтан жаңа кәсіпорынды табысты жүргіземіз деп сенемін, - деді С.Ажмағамбетов. 

Кездесу барысында айтылғандай, жобаны іске асыру үшін қажетті қосалқы электр стансасының, кәріз жүйесінің,  зауыт шекарасына дейін газ құбырын тарту сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге облыс әкімдігі толықтай қолдау көрсетеді.

- Алматы облысының су, жел, күн энергиясын өндіруге табиғи мүмкіндігі мол. Ал жаңа зауыт шығарғалы отырған батареялар сол жаңарған энергия көздерін бойына жинақтап, электр қуатының ауа райына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жобаның болашағы зор. Бұл саланы дамыту ел экономикасына жаңа серпін береді, - деп атап өтті Қанат Бозымбаев. 

Жалпы «Asma Industrial» ЖШС-ның стационарлық аккумулятор батареяларын шығаратын зауыттың құрылысы 2022-2023 жылдары жүргізіледі. Кәсіпорын жылына 210 мың дана көлемінде өнім шығарады деп жоспарланып отыр. Жобаны іске асыруға 3,2 млрд. теңге инвестия салынып, 120 адам жұмысқа тартылады. Зауыт толық қуатына шыққанда жұмысшы саны 250-ге жетеді деп жоспарланған. Шығарылған өнімнің 84 мың данасы ішкі нарыққа, 126 мыңы экспортқа бағытталатын болады.

  • 13.04.2022
  • 276
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика