• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Индер ауданының тұрғындарымен кездесу

Серік Шәпкенов: Ауданның өзекті мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қоғамдық бақылау маңызды рөл атқарады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарының аясында Индербор кентінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов сөз алып Ел Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерге рет-ретімен тоқталды. Бұдан бөлек жиналғандарды өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. 
 
Аталған жиынға 400-ге жуық тұрғын келді. Жиналғандар 4 сағатқа жуық толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Алыстағы ағайынды Жайық өзенінің көктемде кернеуінен асып, жазда тартылуы, дәрігерлердің жетіспеушілігі, қоқыс полигонынан келетін жағымсыз иіс, кәріз суы, балалар ойын алаңының жетіспеушілігі, интернетке қол жетіспеушілік секілді мәселер кеңінен талқыланды.

Аймақ басшысы қойылған әр сұраққа толық жауап беріп, көтерілген мәселелер басымдықтарына қарай заң аясында шешілуі керектігін айтты. 

- Мемлекет басшысы  өз жолдауында халықтың өмір сүру сапасын жақсарту турасында нақты тапсырмалар міндеттеді. Алдағы уақытта соларды жүзеге асыру үшін жұмыстанамыз. Бүгінде көтерілген тақырыптардың ішінде кезек күттірмейтіндері бар. Оларды кезең-кезеңімен қоғам белсенділерімен жанашыр азаматтар бірігіп отырып шешуіміз қажет. Ауданның өзекті мәселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қоғамдық бақылау маңызды рөл атқарады.
Мен барлық ниет білдірушілерді осы бағытта бірігуге шақырамын, деді өңір басшысы Серік Шәпкенов. 

Жұмыс сапары барысында Серік Шәпкенов Индербор кентінде тұратын азаматтарды жеке қабылдады. 

Облыс әкімінің тұрғындарымен кездесуі Индер ауданының Facebook, Instagram желісіндегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетілді. 

Облыс әкімі кей сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

  • 15.04.2022
  • 276
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика