- Блогтар
- Шаймарданов Ж. Н.
Шаймарданов Ж. Н.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
"Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы"
Отандық мемлекеттік аппараттың маңызды мәселелерінің бірі шектен тыс бюрократия болып табылады. Бұл туралы Президент өзінің Жолдауында айтты және оның тапсырмасына сәйкес біздің агенттік Президент Әкімшілігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, Президенттің мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлығын әзірледі.
Жарлық мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін, шешім қабылдау жылдамдығын арттыруға бағытталған. Ол мемлекеттік қызметшілердің дербестігі мен жауапкершілігін айтарлықтай күшейтуге тиіс. Жарлықта сондай-ақ ведомствоаралық есептілік пен құжат айналымын едәуір қысқарту көзделген. Жарлық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
Мен осы Жарлықтың кейбір егжей-тегжейлері туралы айтып беремін.
Ол келесі нұсқаулыққа негізделген:
- нақтылық, формализмсыз;
- мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өзара іс-қимылын барынша ықтимал цифрландыру;
- егер мәселе оның тікелей құзыретіне кіретін болса, басшылардың жауапкершілігін "алып тастауға" немесе қайта бағыттауға жол бермеу;
- мемлекеттік органдардың өзін-өзі жетілдіру процесінің тұрақтылығы;
- артық есептілікті, рәсімдерді және бақылауды енгізудің орынсыздығы.
Мемлекет басшысы таяудағы үш айдың ішінде Президент Әкімшілігінде бизнес-үдерістерге реинжиниринг жүргізу, оның бақылауындағы барлық тапсырмаларға толық ревизия жасау міндетін қойды. Бұл шара мемлекеттік қызметшілердің жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Жарлықпен Үкімет үшін нақты тапсырмалар айқындалған. Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші органдар екі есе қысқартылады, бұл Премьер-Министр мен оның орынбасарларының қатысуымен өтетін кеңестердің санын айтарлықтай қысқартады. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Үкіметке енгізу процесінде рәсімдер оңтайландырылады және мерзімдер қысқарады.
Тағы бір маңызды өзгеріс. Өздеріңіз білетіндей, кейде тіпті ең дағдарыстық және форс-мажорлық жағдайларда да жауапты мемлекеттік органдар қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде орынсыз бюрократиямен кездесті. Құжатты мемлекеттік тіркеуден өткізіп, оны Үкіметте қарастырмас бұрын заңды түрде "реттеу" керек болды.
Жарлыққа сәйкес шұғыл жағдайлар үшін артық рәсімдер алынып тасталады, бұл оларға барынша жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Осы Жарлық, өзінің барлық "техникалығына" қарамастан, мемлекеттік органдардың жұмысы үшін мүлдем ішкі құжат емес. Жарлық Мемлекеттік органдардың ішкі процестеріне ғана емес, азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын да айтарлықтай жеңілдетеді.
Жарлықпен азаматтардың мемлекеттік органдар жұмысын бюрократиядан арылту және тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстары үшін онлайн-платформа құру қарастырылған. Ұсыныстарды біздің агенттік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп мұқият қарайтын болады. Бұл азаматтар үшін отандық мемлекеттік аппаратты жақсарту процесіне өз үлесін қосуға жақсы мүмкіндік.
Қорытындылай келе, жедел және тиімді жұмыс істейтін мемлекеттік аппарат бірінші кезекте елдің әрбір азаматына тиімді екенін атап өткім келеді. Президенттің бүгінгі Жарлығы қазіргі жағдайды айтарлықтай жақсартуы тиіс деп ойлаймын.
- 15.04.2022
- 290