- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Әскери мақсаттағы өнімдер мен көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу ережелері әзірленуде
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ету шеңберінде әскери және қос мақсаттағы өнімдерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларының жобасын әзірледі.
Бұл құжатта әскери және қос мақсаттағы тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау ұсынылады.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен биылғы жылғы 25 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14067128.
- 16.04.2022
- 226