- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Әскери міндеттілерді жиынға шақыру туралы бұйрықтың жобасы әзірленді
Қорғаныс министрінің «2021 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.
Аталған әскери жиындар 2007 жылдан бастап жыл сайын, ұзақтығы бір айға дейін өткізіліп келеді. Олардың негізгі мақсаты әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру, әскери оқытылған ресурстарды запасқа дайындау және жинақтау болып табылады.
Әскери жиындар кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Оларға мемлекет есебінен орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төменгі жалақы төленеді.
Әскери міндеттілерді жиындарға апару және кері тасымалдау темір жол немесе автомобиль көлігімен жүргізіледі, тамақпен қамтамасыз ету Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жиындарға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда тұрады. Олар жұмыс істеп жүрген әскери қызметшілермен бірдей заттай мүлікпен және медициналық қызметпен қамтылады.
Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әскери міндеттілер әскери жиындардан жалтарғанда 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде айыппұл салынатынын білуі тиіс.
Құжаттың толық мәтінімен 2022 жылғы 28 сәуірге дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14071135.
- 16.04.2022
- 204