• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Текелідегі зиянды қойма көшіріледі

Текелі қаласына, жақын елді мекендерге экологиялық зардабын тигізіп отырған қалдық қоймасын рекультивациялау мәселесі түбегейлі шешілетін болды. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың  «Sunlight Investments» компаниясының басшылығымен кездесуі кезінде егжей-тегжейлі айтылды. Екі тарап Текелі қаласында қолға алынатын ірі инвестициялық жоба меморандумына қол қойды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

1942-1996 жылдар аралығында жұмыс істеген Текелі қорғасын-мырыш комбинатының қалдықтары қоршаған ортаға зиянын тигізіп, халықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп келеді. Енді «Sunlight Investments» компаниясы Текеліде тау-кен байыту комбинатын салып, оған жылдар бойы жинақталып қалған қалдықтарды шикізат ретінде қолдануды жоспарлап отыр. Компания жалпы осы жобаға 200 млрд. теңгедей инвестиция салмақ, оның 60 млрд. теңгесі тау-кен байыту комбинатының құрылысына жұмсалады.

- Мемлекет басшысы моноқалаларды дамытуға, қала құраушы кәсіпорындар мен «Зәкірлік» жобалардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті дамыту мен инвесторлар тарту үшін қолайлы ахуал жасауға бірқатар тапсырма берді. Моноқала Текеліде жылдар бойы қордаланған қалдық қоймасын сіздер ұсынып отырған халықаралық үздік тәжірибені қолдана отырып рекультивациялау қаланың экологиялық климатына оң әсер ететін болады. Бұл жоба арқылы біз Кеңестік кезеңнен бері қордаланып қалған экологиялық мәселені шешеміз, екіншіден өңірге инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Сіздердің мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға қатысты қосымша әлеуметтік міндеттемелер алуға, әлеуметтік тұрғын үйлер мен спорт алаңдарын салуға деген ниеттеріңіз басқа инвесторларға да үлгі. Бұл 33 мыңдай халқы бар моноқаланың дамуына үлкен серпін беретін жоба болады деп ойлаймын, - деді Қанат Бозымбаев.

Сол сияқты әкімдік тарапынан тау-кен байыту комбинатын салу үшін жер қойнауын пайдалану құқығымен қоса тиісті жер учаскесін бөлуге қолдау көрсетілетінін жеткізді. Тиісті колледждермен бірлесіп, кәсіпорынға қажетті жергілікті мамандар даярлау ісі ұйымдастырылады.

Аталмыш жобаның жетекшісі Уәлихан Атагелдиев рекультивация жұмыстары қалай жүргізілетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Оның айтуынша, жинақталған қалдықтар қаладан 10-15 шақырым қашықтыққа, қауіпсіз жерге шығарылып, сол жерде өңдеуден өткізіледі. Комбинатқа шикізат ретінде пайдаланылады. Ал комбинаттың шығарындысы заманауи талаптарға сәйкес көмілетін болады.

«Sunlight Investments» - пайдалы қатты қазбалардың кен орындарын кешенді түрде дайындаумен айналысатын әлемдік деңгейдегі компания. Сондықтан барлық мәселенің шешімі кәсіби деңгейде қарастырылады.
- Қалдық қоймасының орнын абаттандыру, көркейту жұмыстары Текелі қаласының жергілікті әкімдігімен келісіліп атқарылады. Тау-кен байыту комбинатын салу кезінде жергілікті тұрғындардан 400-дей адам жұмысқа тартылады, ал кәсіпорын іске қосылғанда 550 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаның қуаты жылына 2,5 млн. тонна өңдеуге жетеді. Толық циклда жұмыс істейтін комбинаттың іске қосылуы Текелінің экологиялық мәселесінің түбегейлі шешілуіне оң ықпал ықпал етеді, - деді У.Атагелдиев.
Жиын соңында облыс әкімі мен жоба жетекшісі меморандумға отырды, ал Текелі қаласының әкімдігі мен қалалық мәслихат жобаға қатысты келісімдерге қой қойды. 

  • 18.04.2022
  • 258
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика