• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

Алматы облысында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 87 пайызды құрайды, бірінші тоқсанда 338,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде сусындар шығару - 12,2%-ға,  тамақ өнімдері – 8,5%-ға, темекі өнімдері – 22,4%-ға, қағаз және қағаз өнімдері – 20,9%-ға, өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі – 24,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдары – 14,1%-ға, машина жасау өндірісі – 4%-ға ұлғайған. Дегенмен өндіріс көлемі төмендеген аудандар да бар. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов айтты.

2022 жылғы І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен ІІ тоқсанға арналған міндеттері туралы баяндама жасаған Ж.Әмірханов облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 пайызға, құрылыс жұмыстары 5,4 пайызға артып, 229 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтты. Өңір экономикасына 106,4 пайыз өсіммен 97 млрд. теңге инвестиция тартылған.

- Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде жоспарланған 3 жобаның ішінде қуаты 6 мың тонналық «MK «KazSilicon» металлургиялық кремний өндіру зауыты іске қосылды. 3,9 млрд. теңге инвестиция салынып, 210 жұмыс орны құрылды. Жылдың соңына дейін «Шин Лайн» кәсіпорнының қуаты жылына 11 мың тонна балмұздақ өндіретін зауыты іске қосылады және «Энергия Семиречья» серіктестігінің Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт жел электр станциясының құрылысы аяқталады, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Облыста ауыл шаруашылығының дамуына баса мән беріледі. Мәселен, 77,3 мың басқа арналған 120 бордақылау алаңы және 28,0 мың басқа арналған 85 сүт фермасы жұмыс істейді. Биылғы жылы 14,3 мың басқа арналған 13 бордақылау алаңын және 650 басқа арналған 4 сүт тауарлы фермаларын құру жоспарлануда.

Құрылыс қарқыны да жақсы. Биыл 1048,4 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланса, соның 205,1 мың шаршы метрі бюджет есебінен салынады. Кредиттік - 130,9 мың шаршы метр, жалға берілетін 74,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы, биыл «Нұрлы жер», «7-20-25», «5-10-20», «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша 3937 отбасы тұрғын үй алады, оның ішінде 857 көпбалалы және 701 әлеуметтік осал отбасы бар.

Автокөлік жолдарын салуға және жөндеу, өңірлерді газдандыру, білім беру мен денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет нысандарының да құрылысы мен жөндеу жұмыстары да тұрақты назарда.

Жиын барыcында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының айтарлықтай өсуіне, ұсақ мал басы мен ет өндірісінің азаюына, қылмыстың, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстың артуына жол берген, нысандардағы құрылыс жұмыстарын кешіктірген және құрылыс көлемін төмендеткен, басқа да кемшіліктер орын алған аудандардың атына сын айтылды.

Облыс әкімі Қанат Бозымбаев кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысынан инвестиция тартудың тиісті көлемін қамтамасыз ету үшін қандай шара қабылдайтындарын, құрылыс басқармасының басшысынан бағаның өсуіне байланысты пайдалануға берілмеген құрылыс нысандарының мәселесі қалай шешілетінін сұрап білді.

Талдау мәліметтеріне қарағанда, Талғар ауданында әлеуметтік-экономикалық бірқатар көрсеткіштер төмендеген. Қарасай ауданында бюджет түсімі азайған, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық көбейген. Райымбек ауданында мал басының азаюы байқалады. Осы мәселелерге қатысты аудан әкімдерінен жауап алған Қанат Бозымбаев:

- Осы көтерілген мәселелерге біз екінші тоқсанның қорытындысында қайта оралатын боламыз. Сіздерге жалпы көрсеткіштер белгіленіп, басымдықтар айқындалып берілген. Нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бізде мүмкіндік мол. Барлықтарыңызға қойылған міндеттерді орындау бағытында белсенді жұмыс істеуді және осы жылға арналған жоспарлы міндеттерді орындауды тапсырамын, - деді облыс әкімі.

  • 20.04.2022
  • 280
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика