• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Әулиекөл және Қарасу аудандарының тұрғындарымен кездестім

Бірінші кезекте екі аудан тұрғындарын облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, олардың сұрақтарына жауап бердім.
Негізінен тұрғындарды ауыл көшелерін жарықтандыру, мектептер мен жолдарды жөндеу, елді мекендерді газдандыру және т.б. мәселелер қызықтырды.
Барлық мәселелер мен ұсыныстар басымдықтар негізінде шешілетінін атап өткім келеді.
Әулиекөл ауданын одан әрі дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы саласында бірнеше жоба іске асырылуда, өйткені аудан аграрлық сектор көшбасшыларының бірі болып саналады. Мысалы, мал шаруашылығы саласында ірі қара малының тұқымын түрлендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданда ІҚМ Әулиекөл тұқымын өсірумен 8 шаруашылық айналысады, мал саны 9050 басты құрайды.
Инфрақұрылымды жақсарту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Әулиекөл ауылында ұзындығы 128 шақырымды құрайтын газ тарату желілерін салу жобасын жүзеге асыру аяқталды. Қазір Әулиекөл ауылынан Құсмұрын ауылына, Чернигов ауылына қосылатын газ құбырын тарту жұмыстары жалғасуда.
Сондай-ақ, су құбыры құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аманқарағай ауылында жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге су құбырының құрылысы басталды және Новонежин ауылында, сондай-ақ ауданның 10 елді мекенінде су құбырының құрылысы жалғасуда.
Сондай - ақ, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында биыл Құсмұрын кентінің 4 көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, Құсмұрында 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп салу жоспарда бар.
2022 жылдың бюджетінде «Әулиекөл – Жалдама – 0-50 км» және «Әулиекөл – Москалевка – Мақсұт – Смайловка – 40 – 52 км» облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының екі учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге қаражат көзделген. Бұдан басқа, Республикалық маңызы бар «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған 55 - 129 км» жолын орташа жөндеу жоспарланған.
Айта кету керек, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020/2021 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлердің жыл сайынғы рейтингін жасады, онда Әулиекөл ауданы республика бойынша 200 әкімшілік-аумақтық бірлік арасында бизнес жүргізу үшін үздік аудан болып танылды.

Бұдан бөлек, Қарасу ауданында да кәсіпкерлік өркендеп келеді. Бұған шағын және орта бизнестің дамуы дәлел бола алады. «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдендіру мен субсидиялауға бірден 14 жоба мақұлданды. Жалпы сомасы 85,9 млн теңгені құрады. Ет, сүт және жұмыртқа сияқты ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі артты. Ірі қара, ұсақ мал, жылқы мен құс санының өсуі байқалды.
2022 жылы «Қарасу және Восток ауылдарының таратушы су құбыры желілерін қайта жаңарту» құрылысын аяқтауға 683,4 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, 4 ауылды сумен жабдықтау құрылысы жалғасуда: Комсомольское, Қызкеткен, Амангелді, Люблин.
Сонымен қатар, екі ауданда жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімдеріне аудандарды дамыту мен абаттандыру, халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырдым.

  • 21.04.2022
  • 245
Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика