• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Достық» бекетінде ірі инфрақұрылымдық жобаны іске асыру туралы меморандумға қол қойылды

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев  «Dar rail Infrastructure» компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлар «Достық» бекетінде жүк терминалын салуға ниетті. Жоба «open-top» жүйесі бойынша өнім тиеуге арналған ірі логистикалық парк құруға бағытталған.

Жиында Алакөл ауданындағы шекаралық аймақта орналасқан «Достық»бекетінің даму мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталған облыс әкімі Қанат Бозымбаев логистика саласының мемлекет дамуында ролінің артып келе жатқанын атап өтті.

- Алматы облысының «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» жолының бойында орналасуы көлік-логистика саласын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Биыл Алакөл ауданындағы «Достық» бекетінде «Open top» жүйесімен өнім тасымалдауға маманданған Логистикалық парк  салына бастайды. Бұл облысымыздың көліктік әлеуетін одан әрі ілгерілетуге зор серпін береді деп ойлаймын. Жобаны іске асыруға 29 млрд. теңгеге дейін инвестиция тартылады. 230-дай жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Инвестордың халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына 20 жеке тұрғын үй салып беру туралы ұсынысын қуана қабылдадық. Мұндай игі бастама өзге инвесторларға да үлгі болуы тиіс, - деді Қанат Бозымбаев.

Атап өтсек, компания бұдан былай да ауданда әлеуметтік жауапкершілікті атқаруға дайын екендіктерін білдіріп отыр. Яғни көп балалы аналарға, әлеуметтік осал топтарға тұрақты түрде көмектесіп тұрады.

Өз кезегінде компания басшысы Максим Матюк жоба туралы айтып берді. Оның айтуынша, жобаның мақсаты - шекарадағы жүк тасымалының тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Қазіргі кезде «Достық-Мойынты» учаскесінің құрылысы басталған. Бұл транзиттік лекті одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен   «Dar railInfrastructure»  ЖШС бас директоры Максим Матюк өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сол сияқты облыс басшысы Алакөл аудандық әкімдігі мен облыстық жер қатынастары басқармасына бекет аумағынан жобаны іске асыру үшін тиісті жер учаскесін қарастыруды тапсырды. Бұдан соң барып инфрақұрылым салу мүмкіндіктері қарастырылмақ.

«Dar rail» ЖШС өкілдерінің айтуынша, компания елімізде темір жол тасымалымен бірнеше жылдан бері айналысып келеді. Тиісті жер учаскесі белгіленгеннен кейін «Dar rail» ЖШС «Достық» бекетіндегі жобасы аясында құрылыс жұмыстарын биыл бастауға дайын.

Жобаның құны – 29 млрд. теңге. 230 жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Жобаның жылдық қуаты – 9 млн. тонна жүк, 300 мың ЖФЭ.

  • 26.04.2022
  • 314
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика