- Блогтар
- Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.
ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры
Еңбек жағдайларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық ядролық орталығында еңбек жағдайларына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, оған сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы күнтізбелік 24 күннен 30 күнге дейін ұзартылып, барлық жұмыскерлерге сауықтыруға бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде жыл сайынғы біржолғы жәрдемақы төлеу тағайындалды, сондай-ақ барлық жұмыскерлерге экологиялық куәліктің бар-жоғына қарамастан жыл сайынғы 10 күнтізбелік күн қосымша ақылы демалыс және экология бойынша ай сайынғы қосымша ақы беріледі.
Бұл кәсіпорын жұмыскерлерін әлеуметтік қолдау бөлігіндегі алғашқы өзгерістер емес, осы жылдың басында жалақы 21%-ға өсті.
- 29.04.2022
- 197