- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірледі.
Қолданыстағы жарғыларға күнделікті қызмет, әскери қызмет қауіпсіздігі, қаруды есепке алу және сақтау, тәуліктік наряд қызметін ұйымдастыру, қызметтік тергеу жүргізу және тәртіптік жазаларды алу тәртібі мәселелеріне қатысты редакциялық сипаттағы 200-ден астам түзету енгізу ұсынылып отыр.
Өзгерістерді енгізу жалпыәскери жарғылардың ережелерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында жүргізіледі.
Жарлық жобасының толық мәтінімен 2022 жылғы 20 мамырға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14086685
- 05.05.2022
- 304