• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Б.Майлин ауданының және Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Бейімбет Майлин атындағы ауданның және Рудный қаласының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында тұрғындар көп мәселені көтерді. Негізінен оларды ТКШ, интернет байланыс, жолдарды жөндеу, сондай-ақ жолаушылар тасымалы, енсаулық сақтау және т.б. мәселелер қызықтырды. Барлық сұрақтар бойынша халыққа жауаптар айтылып, орындаушыларға тиісті тапсырмалар берілді.

Өңір басшысв әуелі Майлин ауданының тұрғындарымен кездесті. Мысалы, тұрғындардың өтініші бойынша ағымдағы жылы "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында Елизаветинка ауылындағы медициналық мекемеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Халықтың жаппай спортпен шұғылдануы үшін, балалар жылы аясында Майское ауылында шағын футбол алаңын салу жоспарлануда, оған қоса көше тренажерларын орнату қарастырылған.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептің жағалауында аралас жекпе-жекпен шұғыллануға арналған үй-жайды жөндеу және №1 Тобыл жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеу көзделген.

Одан әрі кездесу Рудный қаласында жалғасты. Мұнда өңір басшысы бірқатар нысандарды аралап, қала тұрғындарына пәтер кілттерін табыс етті.

Архимед Мұхамбетов бірінші кезекте Рудный су арнасына барды. Сүзгі станциясы Рудный қ., Қашар к., Горняцк к., "ССКӨБ"АҚ объектілерін сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, бүгін Рудный қаласының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 60 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің қоныстанушыларына салтанатты түрде пәтер кілттерін табыс етті.

-Біз осынау салтанатты жағдайда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа 60 пәтерлік тұрғын үйдің қоныстанушыларына пәтерлерінің кілттерін тапсырамыз. Сіздерге отбасыларыңыздың амандығын және баспаналарыңыздың қуанышқа, құт-берекеге толуын тілеймін! Біз Рудный қаласының қалай өзгергенін, көппәтерлі тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаюын көріп отырмыз. Қазіргі уақытта 39-орамның құрылысы жүріп жатыр. Біздің облыста соңғы жылдары тұрғын үй құрылысының көлемі оң динамиканы көрсетіп отырғанын атап өткім келеді. Ағымдағы жылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында облыста 450,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 138,0 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды,-деді өз сөзінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Бұдан соң өңір басшысы “Карагулина Л.А.” жеке кәсіпкерлігінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 2 100 тоннаға дейін нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірумен айналысады. Мұнда 130 жұмыс орны құрылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын жемісті жұмыс істеп келеді. Облыс орталығына және жақын маңдағы елді мекендерге өнімдерін өткізеді.

Сонымен қатар, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Халықпен кездесу қорытындысы бойынша облыс басшысы Архимед Мұхамбетов өңірлердің әкімдеріне аудандарды дамыту мен абаттандыру, халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

  • 05.05.2022
  • 339
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика