• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АҚДМ және Түркия Республикасының уәкілетті органдары арасында меморандумдарға қол қойылды

Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасы Президенттік Аппаратының жанындағы коммуникация басқармасымен БАҚ саласындағы ынтымақтастық туралы; және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы жастар саясаты саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Қол қойылған меморандумдар шеңберіндегі ынтымақтастық аталған салалардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және дамытуға бағытталатын болады. Аталмыш меморандумдар төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.

БАҚ саласы бойынша:

- Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын өндіруді және таратуды жүзеге асыратын өздерінің ұйымдары арқылы дәйекті ақпаратты таратуға жәрдемдесетін болады.

- Тараптар авторлық және сабақтас құқықтар сақталған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарын өндіруді және таратуды жүзеге асыратын өз ұйымдары арасында телевизиялық және басқа да ақпараттық контентпен алмасуға ықпал ететін болады.

- Тараптар озық тәжірибені зерделеу және біліктілікті арттыру мақсатында БАҚ саласындағы мамандар (журналистер, кинооператорлар және т.б.) арасында тәжірибе алмасуды жүргізетін болады.

- Тараптар медиажаттықтырушыларды даярлау бойынша Тараптардың жетекші білім беру орталықтарымен байланыс орнатуға ықпал ететін болады, т.б.

Жастар саясаты бойынша:

- жастар саясаты саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мамандарымен және өкілдерімен алмасу;

- екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту және мәдениетаралық оқытуды дамыту мақсатында жастармен алмасу;

- жастар саясаты саласындағы халықаралық конференцияларға, семинарларға және басқа да іс-шараларға (форумдар, фестивальдар және кездесулер) өзара шақыру және қатысу;

- жастар саясаты саласында құпия емес материалдармен және ақпаратпен алмасу;

- жастармен жұмыс деңгейін арттыруға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеуге және іске асыруға бірлесіп қатысу;

- осы өзара түсіністік туралы меморандумның шарттарына сәйкес жастар мекемелері мен ұйымдарын, сондай-ақ олардың жастар саясаты саласында халықаралық деңгейде бірлескен жобаларды іске асыруға қатысуын қолдау;

- халықаралық жастар ынтымақтастығы мәселелерін шешуде өзара жәрдемдесу;

- қоғамда волонтерлік қызметті ілгерілету және танымал ету тетіктерін құру, жастарды волонтерлер қызметіне тарту бойынша қатысушылардың бірлескен ынтымақтастығы (Түркияда оқитын қазақстандық студенттерді Түркия Республикасы Жастар және спорт министрлігінің жас волонтерлер платформасына өтінім беруге және қатысуға ынталандыру (www.gencgonulluler.gov.tr), Қазақстанда оқып жатқан Түркия Республикасының студенттері үшін www.qazvolunteer.kz платформасында осыған ұқсас жұмысты ұйымдастыру);

- арнайы бағдарламаларды әзірлеуде, кездесулерде және хаттармен алмасуда өзара қолдау көрсету, т.б.

  • 16.05.2022
  • 229
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика