- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
16-шы Азиядағы құқықтық ақпарат желісінің жыл сайынғы Бас жиналысы мен Халықаралық конференциясы
2020 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты (бұдан әрі – Институт) 16-шы Азиядағы құқықтық ақпарат желісінің жыл сайынғы Бас жиналысы мен Халықаралық конференциясына қатысты (ASIA LEGAL INFORMATION NETWOR/ALIN) (Сеул қ., Оңтүстік Корея). Пандемияға және халықаралық әуе қатынасының шектелуіне байланысты ағымдағы жылы іс-шаралар онлайн-форматта өтеді.
Ағымдағы жылы ALIN Халықаралық конференциясы «Laws for fading borders in Asia» («Азиядағы шекараларды жоятын заңдар») тақырыбына арналды.
Институттың өкілі ретінде халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының магистрі Д.О. Салыкова «Human Rights and Digitalization: Access to justice amidst COVID-19 pandemic» (Адам құқықтары және цифрландыру: COVID-19 пандемиясы кезеңінде сот төрелігіне қол жеткізу құқығы) тақырыбында баяндама жасады.
Аталған баяндама халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің «Жаһандық цифрландыру жағдайындағы адам құқықтары: Қазақстанның және ЭЫДҰ/ЕО елдерінің озық тәжірибесі» тақырыбындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің аралық қорытындыларының таныстырылымы болып табылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша ALIN Халықаралық конференциясы спикерлерінің ғылыми мақалалар жинағы шығарылды.
Халықаралық конференция материалдарымен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: http://alinevent.com/.
- 05.11.2020
- 384