• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда Nickelodeon мультфильмдері мемлекеттік тілде көрсетіле бастады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде қазақ тілінде көрсетіле бастаған NICKELODEON HD жаңа арнасы таныстырылды.

Мемлекет басшысы жариялаған биылғы балалар жылы аясында қазақстандықтар «Nickelodeon» телеарнасының мультфильмдерін мемлекеттік тілде тамашалай алады.

ҚР АҚДМ бастамасымен 2021 жылы танымал балалар арналарын қазақ тіліне аудару жобасы - өскелең ұрпақтың дамуына елеулі үлес қосады.

Брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров сөз алып, «Министрлік өте ауқымды жобаны іске асыруда. Қазақ тіліндегі жаңа арнаның іске қосылуы балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді; сондай-ақ бұл жобаның өскелең ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, «Nickelodeon» телеарнасының ТМД және Балтық елдеріндегі балалар мен ойын-сауық брендтерін дамыту жөніндегі вице-президенті-Мария Косарева «Nickelodeon» көрермендері арнаның қызықты бағдарламалық блоктарының арқасында эмоциялық интеллектті дамытатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде балалардың, соның ішінде түрлі этностардың мемлекеттік тілді жылдам меңгеруіне мүмкіндік береді.

«Біз әріптестерімізге хабар таратуды іске қосуда қолдау білдіргендері үшін алғысымызды білдіреміз және абоненттерді ақпараттандыру аясында одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз», - деді Мария Косарева.

Естеріңізге сала кетейік, арналарды таңдау кезінде әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері және балалар арасында таратылатын мультфильмдердің танымалдығы ескерілді.

Мәселен, «Nickelodeon» брендтері әлемнің 180-ге жуық елінде жинақталған, олардың кейіпкерлері 40-тан астам түрлі тілде сөйлейді. Арнаның бағдарламалық блоктары анимациялық фильмдер мен телехикаялардан, ойын-сауық, спорттық және музыкалық бағдарламалардан тұрады.

Қазіргі уақытта «Nickelodeon HD» жаңа арнасы Алма ТВ және TV Commerce кабельдік операторлары арқылы эфирге шығады; қалған операторлармен өзара тығыз жұмыс жалғасуда.

  • 07.06.2022
  • 260
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика