- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа инфекциялық аурухана ашылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов облысымызда жұмыс сапарымен болды. Сапар аясында 200 орынға шақталған жаңа инфекциялық аурухана ашылды. Жаңа медициналық мекеме 3 айдың ішінде салынды.
Жұқпалы аурулар ауруханасы әлемдік талаптарға сай, заманауи қондырғылармен қамтамасыз етілген. Өкпені жасанды тыныстандыру, УЗИ, рентген аппараттары және компьютерлік томограф орнатылған. Айта кетейін, бұл облыстағы алтыншы КТ, осының арқасында тұрғындарға томография одан әрі қол жетімді болады. Жаңа ауруханада науқастарға барлық жағдай жасалған. Әр палатадағы төсек орын оттегіге қосылған.⠀
Ауруханада жаңа желдету жүйесі орнатылған. Осының арқасында ауа палатадан дәлізге өтпей, дәрігерлердің денсаулығына зиян келмейді.
- 10.11.2020
- 406