- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы туралы
2020 жылғы 12 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.
Отырыста жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары, пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың журналистерге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың азаматтарды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде бюджет қаражатын жұмсау мәселелерін талқылауға тарту жөнінде қабылдап жатқан шаралары қаралатын болады.
Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/qogam.gov.kz/ ресми парақшасында өтеді.
- 11.11.2020
- 347