- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Қарулы күштердегі алғашқы көмектің жеке және топтық дәрі қобдишаларының тізімдемелері бекітіледі
Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі алғашқы көмек (жеке, топтық) дәрі қобдишаларының тізімдемесін бекіту туралы» министрдің бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасын қабылдау Қазақстан Республикасында тіркелген және Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-медициналық мекемелерінің (ұйымдарының) дәрілік формулярына енгізілген дәрілік заттарды медициналық көмек көрсету үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрық жобасы жобасының толық мәтінімен 28 маусымға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14122990.
- 15.06.2022
- 379