- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Құрметті мемлекеттік қызметшілер, полиция және сот саласының мамандары!
Құрметті мемлекеттік қызметшілер, полиция және сот саласының мамандары!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Елдің дамуы, әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, тәртіп пен заңдалықтың сақталуы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты.
Сондықтан Сіздер еңбек етіп жүрген саланың маңыздылығы мен жауапкершілігі аса жоғары.
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады.
Осы тұрғыда ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын маман болу – мәртебелі әрі мерейлі міндет.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!
- 28.06.2022
- 220