- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Мемлекеттік қызметшілерді марапаттадым
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалында болып, бірқатар мемлекеттік қызметшілермен кездесіп, дәріс оқып, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен жауапкершілігі туралы айтып өттім.
Басқосуда облыстағы мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері жөнінде де айтылды.
Мемлекеттік қызметшілердің мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік қасиеттерінің, меритократия қағидатының сақталу өзектілігі жайлы атап өттім.
Кездесу соңында бірқатар мемлекеттік қызметшілер марапаттадым. Атап айтқанда, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Олжабай мен білім басқармасының бөлім басшысы Күлзира Дәрібаеваға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табыстадым. Басқа да қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
- 28.06.2022
- 227