- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Paramount компаниясының өкілдерімен кездесу өтті
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Paramount компаниясының өкілдерімен балалар және жастар контентін дамыту мәселелері бойынша кездесті.
Кездесуге ТМД және Балтық елдеріндегі Paramount International Networks аға вице-президенті және бас директоры Елена Бальмонт және ТМД мен Балтық елдеріндегі Paramount балалар мен ойын-сауық брендтерін дамыту вице-президенті Мария Косарева қатысты.
«Сапалы балалар контентін дамыту отандық компаниялар арасында бәсекелестікті арттырады. Бұл өз кезегінде аударма және дубляж инфрақұрылымын дамытып, сол арқылы олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді А.Омаров.
Paramount өкілдері мектепке дейінгі және жасөспірім балаларға арналған бағдарламалық блоктарын ұсынды.
Тараптар мемлекеттік тілдегі балалар контентін ұлғайту және қазақ тілінде білім беретін, сондай-ақ жергілікті анимациялық студиялармен ынтымақтастықты дамыту сұрақтарын талқылады.
Кездесуге қатысушылар одан әрі жан-жақты ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.
- 04.07.2022
- 263