• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңірдің қоғамдастық өкілдерімен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды

Кеше, 4-шілде күні облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов спорт және мемлекеттік қызмет ардагерлерімен, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді.

 

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Нәбиев ұйымның жұмысындағы өзгерістер туралы хабарлады. Мәселен, кеңес құрамынан мемлекеттік қызметшілер шығарылған. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, қоғамдық кеңесті өңірдің өзекті мәселелерін талқылау жөніндегі алаң ретінде құрудың маңыздылығын атап өтті.

 

Бұдан бөлек, Әбілқайыр Сқақов облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеевпен кездесті. Кездесуде зейнеткерлерді қолдау мәселесі көтерілді. Аймақ басшысы айтылған мәселелерді шешу бойынша құзыретті ведомстволарға бірқатар тапсырмалар берді.

 

Спорт ардагері Виктор Кольев 2025 жылға дейін облыста спортты дамыту жөніндегі жол картасының маңыздылығын атап өтті. Құжат негізгі алты бағыттан тұрады. Оны құрастыру үшін спортшылар мен жанкүйерлерден, оның ішінде, спорт ардагерлерінен екі жүзге жуық ұсыныстар жиналды.

 

«Балалардың қимыл белсенділігін арттыру керек. Сондықтан болашақ ұстаздардың дайындығына ерекше назар аудару қажет», - деді Виктор Кольев.

 

Сонымен бірге, аймақ басшысы «Қағандық» ҚБ-ің жетекшісі Еркеғали Жанғазымен кездесті. Онымен тіл, мәдениет, кітапхана жүйесі мен өңірдің қоғамдық өмірінің мәселелері талқыланды.  

 

«Әділдік жолы» РҚБ филиалының жетекшісі Нұргүл Қайырденова жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді. Жыл басынан бері ұйым облыстың қалалары мен аудандарында отыздан аса кездесу өткізген.

 

«Біздің мақсатымыз қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы тұру ахуалын құру болып табылады», - деп атап өтті қоғамдық ұйым өкілі.

 

Нұргүл Қайырденова Павлодар облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

 

«Біз қоғамдық өмірді дамыту мәселелері бойынша белсенді әріптестік орнатуымыз керек. Өз тарапымыздан ашық диалог құруға дайынбыз», - деді Әбілқайыр Сқақов қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне.

 

Облыс әкімі әрбір қоғамдық ұйымның маңыздылығын атап өтіп, атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді және ары қарай тиімді әріптестік орнатуға сенімді екенін айтты.  

 

 

  • 05.07.2022
  • 241
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика