• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңір басшысы облыс орталығын абаттандыру барысын тексерді

Облыс әкімі жол-жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді. Ол мердігерлерге Екінші Павлодардағы кәріз жүйесін сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

 

Әбілқайыр Сқақов қаланы аралауды орталық жағалаудағы іс-шараға қатысудан бастады. Мұнда отыз үш спорт түрінен «Ашық жаттығулар күні» өтті. Өңір басшысы жас спортшылармен және олардың тәлімгерлерімен әңгімелесті.

 

«De Sport» спорт клубының жаттықтырушы-оқытушысы Денис Амелин жан басына қаржыландыру бағдарламасының енгізілгені үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, бұл тұрақты түрде спортпен айналысатын балалардың санын арттыруға мүмкіндік берді. Клубта футбол, дзюдо, көркем және спорттық гимнастика, акробатика, батут спорты бойынша сабақтар өткізіледі.

 

Усолка шағын ауданындағы жағалауда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа жағалаудың жалпы ұзындығы 800 метрді құрайды. Мұнда балаларға арналған ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер аймағы, шахмат үстелдері мен орындықтар орнатылады. Жағалаудың периметрі бойынша бейнекамералар орнатылып, ағаш көшеттері отырғызылады. Болашақта  Усолка жағалауын Ертіс жағалауының негізгі бөлігімен қосу жоспарлануда. Ол үшін шаңғы роллер трассасы маңында жаяу жүргіншілер көпірін салу қажет.

 

- Жағалаудың оңтүстік және солтүстік бөліктерін қосу керек, - деді облыс әкімі. - Тұрғындарға белсенді демалыс пен жаяу серуендеуге тарту қажет. 

 

Өңір басшысы Павлодардағы орталықтандырылған кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты. Желілердің жалпы ұзындығы шамамен тоғыз шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда мердігер ұйым сегіз көшедегі жұмыстарды аяқтады. Барлығы он алты көшеде кәріз құбырлары тартылады.

 

Әбілқайыр Сқақов жергілікті тұрғындармен кездесіп, шағын ауданды абаттандыру жоспарларымен бөлісті. Қала тұрғындары үйлерді жылу және сумен жабдықтау желісіне қосу, жер асты суларының көтерілуі бойынша сұрақтар қойды.

 

- Кәріз желілерін тарту жер асты суларының проблемасын шешуге мүмкіндік береді, - деді әкім. - Кәріз жүйесін іске қосқаннан кейін біз жер асты суларының мәселесінің нақты көрінісін байқаймыз. 

 

Сондай-ақ, аймақ басшысы қала көшелерін асфальттау барысын тексерді. Өткен жылы Екінші Павлодардағы  тоғыз көшеге асфальт төселді. 2024 жылға қарай мұнда барлық көшелерді асфальттау жоспарлануда.  

 

Биыл Павлодарда жалпы ұзындығы 25 шақырымнан асатын он екі көшені жөндеу жоспарланған. Олардың қатарында Ломов, ак. Бектұров, ак. Сәтбаев, Нұрмағамбетов  көшелері бар. Өңір басшысы алдағы уақытта жол құрылысымен қатар тротуарларды құру мен жасыл желектерді отырғызуды қарастыруды тапсырды.

  • 05.07.2022
  • 282
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика