• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әбілқайыр Сқақов облыс әкімдігінің Іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берді

Өңірде 6 мыңға жуық тұрғын уақытша және тұрақты жұмыс орындарына орналастырылса, қиын өмірлік жағдайға тап болған 55 отбасыға құжаттар мен жәрдемақыларын рәсімдеуге көмек көрсетілді, сондай-ақ, 19 оқу мекемесінің жанынан жұмыссыз жастарға қолдау көрсететін өзекті мамандықтар орталықтары құрылды. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов осы және басқа да жұмыстар туралы ОКҚ-де есеп берді.


Елордадағы баспасөз конференциясында аймақ басшысы жаңа іс-қимыл бағдарламасы қалай құрылғанын айтып берді. Еске сала кетейік, оны құрастыруға облыс тұрғындары қатысып, 2,5 мыңға жуық ұсыныстар жіберді және екі стратегиялық сессияда жоспардың бағыттарын талқылады.


- Сессиялардың жұмысына 5-қаңтар күні алаңға шыққандар да қатысты. Жалпы талқылаудың нәтижесінде 2022 жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасы құрылды. Бағдарлама бойынша нақты мақсаттарға құрылған нақты проблемаларды шешуге бағытталған 5 мың жұмыссыз жасты еңбекпен қамту, 12 мың оқушының белсенді демалысын ұйымдастыру және т.б. нақты іс-шаралар бар, - деп бөлісті Әбілқайыр Сқақов. - Жаңа бағдарлама іске қосылғаннан кейін Павлодар облысының 6 мыңға жуық тұрғыны тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды.


Облыс әкімі едәуір нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін үш жаңа көзқарасты атап өтті. Біріншіден, бұл жұмыспен қамту орталықтарының жұмысының қағидаттарын өзгертуге байланысты. Қазір орталықтардың қызметкерлері кәсіпорындардың HR-қызметтерімен тығыз байланыс орнатып, шалғай ауылдарға шығып, адамдар көп шоғырланатын орындарға барады. Яғни, мобильді жұмыспен қамту орталықтары пайда болды. Екіншіден, 19 білім беру мекемелерінің жанынан өзекті мамандықтар орталықтары ашылды. Мұнда жұмыссыз жастар кеңес алып, оларға құжаттарды рәсімдеу, жұмысқа орналасу немесе тағылымдамадан өту бойынша көмек көрсетіледі.


- Үшіншіден, біз қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды анықтаумен айналыса бастадық, - деп жалғастырды аймақ басшысы. - қазір біз Еңбек министрлігі енгізіп жатқан «Отбасының цифрлық картасы» бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі кезге дейін 55 отбасыға құжаттар мен жәрдемақылар рәсімдеу бойынша, 12 отбасыға психологиялық көмек көрсетіліп, осы отбасылардың 39 адамы жұмысқа орналастырылды.


Еске сала кетейік, бағдарламада 10 бағыт пен 97 іс-шара бар. Сонымен бірге, Әбілқайыр Сқақов Президенттің жарлығы бойынша жаңа форматта өтіп жатқан тұрғындармен кездесулердің аралық нәтижелері туралы айтып берді. Қазіргі кезде облыс басшылығы 100-ге жуық ауылды аралап, тұрғындар кездесулерде 536 мәселе көтерді. Олардың 40%-ға жуығы шешімін тапты.


Әкім қабылданатын шешімдер адамдарға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Тұлғаға бағытталған жұмыс қағидаты алғашқы медициналық-санитариялық қызмет пен балалық шақты қорғау шараларының негізінде жатыр.

 
- Қазіргі кезде емханаға қоңырау шалу уақыты 4 есе қысқарды, мейірбикелер мен цифрлық бекеттерді енгізу есебінен дәрігерлердің жүктемесі 35%-ға азайды, call-орталықтар мен тіркеу бөлімдерінің 385 қызметкері оқытудан өтті. Бұл тек аралық нәтижелер ғана, - деп хабарлады Әбілқайыр Сқақов емханалардың жұмысын өзгерту туралы.


Балалық шақты қорғау бойынша әкім әлеуметтік қолдау, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту, балалар спортын дамыту және жас таланттарды қолдау сияқты төрт негізгі бағытты атап өтті.


- Бала бақшалар мен мектептердегі ыстық тамақпен қаржыландыру көлемін 1,8 есеге, яғни, 4 миллиардқа дейін ұлғайттық. Қазір облыстағы оқушылардың жартысынан көбі осы қолдау шарасымен қамтылды. Ал, 1-мамырдан бастап, облыстың үш қаласындағы барлық мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүреді, - деп хабарлады облыс әкімі.


Ол балаларды оңалту инфрақұрылымын кеңейту жоспарлары, 7 ірі спорт нысандарының, 13 шағын футбол алаңының және 63 спорт алаңдарының құрылысы туралы хабарлады.

  • 05.07.2022
  • 308
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика