• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Бүгін Қонаев қаласына жұмыс сапарымен ҚР Сенатының депутаты келді

Конституциялық заңнамалар, сот жүйесі және құқықтық қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы Владимир Волков келді.
Владимир Васильевич облыстық мәслихат активімен кездесіп, Комитеттің аталған салалардағы заңнамаларды реформалау жөніндегі атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталғанын, сол сияқты Адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институт енгізілгенін атап өтті. Сенатор прокуратураның, құқық қорғау органдарының құзіреті және сот жүйесін реформалау туралы, кеңінен айтып берді. Сонымен бірге залдан сұрақ қоюшылардың сауалдарына жауап берді. Жиынға қатысушылардың көпшілігі соттар мен құқық қорғаушыларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Сондай-ақ Владимир Васильевич ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін мысалға келтіре отырып, "Жаңа Қазақстан" терминінің мәнін түсіндірді. «Аманат» партиясының съезінде Мемлекет басшысы: «Жаңа Қазақстан - бұл шын мәнінде әділетті Қазақстан. Біздің азаматтарымызға әлеуметтік әділеттілік жетіспей жатқанымен келісетін шығарсыздар", - деп атап өткен болатын. Сенатор өз тарапынан: «Ең бастысы, біз қандай лауазымда болсақ та, халыққа қызмет етіп жүргенімізді ұмытпауымыз керек», - деді кездесу кезінде.
Мұнан соң Владимир Васильевич пен облыстық мәслихаттың хатшысы Дәулет Жарасбаев салынып жатқан бірқатар нысандарды аралады. Қонақтар алдымен теңіз балығын өсіруге арналған кешеннің құрылысына барды. Мұндағы өнімдер Қазақстанда және шет елдерде саудаланатын болады. Құрылыс жұмыстарымен «ОспановаДевелопмент» ЖШС айналысып жатыр. Құрылыс 2024 жылға дейін жүреді деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны 67 млрд теңге шамасында. Мұнда баррамунди атты теңіз балығы өсіріледі. Балықтың бұл сорты калорияссы төмен, майы аз, диеталық болып есептеледі. Жалпы қуаты жылына 10 мың тонна балық өндіруге жетеді. Кәсіпорында 500 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Бұдан әрі депутат Волков басқа да салынып жатқан нысан - «MACAO VILLAGE RESORT» ойын-сауық - сауықтыру кешенінде болды. Оған салынған инвестиция көлемі – 5 млрд тенңге.
Жуық арада бұл демалыс орны тынығушылар үшін Алматы облысындағы тартымды аймақ қана емес, бүкіл ел бойынша, тіпті алыс-жақын шетелдерден қонақтар көптеп келетін орынға айналмақ. Демалыс орнының жалпы аумағы – 10 га. Нысан алғашында демалушыларды күндізгі уақытта қабылдайды.

Дегенмен жоба иелерінің айтуынша, болашақта көп қабатты қонақ үй салу жоспарланған. Мұнда 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Маңыздысы, бұл нысан қаржылық мүмкіндіктері әрқилы адамдарға қолжетімді.

  • 07.07.2022
  • 342
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика