- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Әскери өкілдіктердің жұмысы жөніндегі нұсқаулық бекітіледі
Қорғаныс министрлігі «Меншік нысанына қарамастан, кәсіпорындардағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери өкілдіктерінің жұмысы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
Бұл нормативтік құқықтық құжат оны ҚР Үкіметінің № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы 2022 жылғы 2 маусымдағы ережеге сәйкес келтіру мақсатында әзірленіп отыр.
Нұсқаулықта өнім сапасын бақылау, әскери және қос мақсаттағы жеткізілетін тауарларды қабылдау, мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызмет түрлері мен әдістері жайлы жан-жақты көрсетілген.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылғы 28 шілдеге дейін сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14151955
- 14.07.2022
- 306