- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының пленарлық отырысы
Бүгін «Саяси реформа жағдайында Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында өткен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының пленарлық отырысына қатыстым.
Аймақ басшысы ретінде сессияның міндеті – ҚХА-ны одан әрі дамыту бағыттарын белгілеу екенін атап өттім.
Сессия барысында бейбітшілік пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерін марапаттадым.
Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау, оларға құқықтық көмек көрсету, «Батырлар біздің арамызда» жобасын іске асыру, этностар күндерін өткізу, медиация институтын дамыту және дәріптеу бойынша міндеттер жүктедім.
- 15.07.2022
- 276