- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Лондондағы дін бостандығын ілгерілету жөніндегі жаһандық конференция
Конференция аясында Ұлыбритания Премьер-министрінің Даунинг-стриттегі резиденциясында жеке кездесу ұйымдастырылды. Мәртебелі меймандарды Британ үкіметі атынан Ұлыбританияның Еңбек және зейнетақы министрі әрі елдің қоғамдық даму саласына жауапты Тереза Коффи қарсы алды.
Асқар Омаров шетел делегацияларының басшыларына алдағы қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің тақырыбы мен көтерілетін мәселе, жалпы этносаралық және конфессияаралық қатынастың қазақстандық моделі туралы айтып берді.
Сондай-ақ министр Ұлыбритания СІМ-дегі Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік министр лорд Тарик Ахмад, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі және Испанияның бұрынғы СІМ басшысы Мигель Моратинос, Ұлыбритания атынан Әлемдік діндер лидерлері Съезіне алғашқы болып қатысқан Лидс Лорд-епископы Николас Бейнс, Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Петер Сийяртомен жүздесіп, пікір алмасты.
Мұнан бөлек, министр Кавказ мұсылмандары Басқармасының Төрағасы Шейх-ул-ислам Аллахшукюр Паша-Заде, Англикан шіркеуінің рухани жетекшісі, Кентербери архиепископы Джастин Уэлби және Ұлыбритания Премьер-Министрінің Дін және сенім бостандығы мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Фиона Брюспен кездесті.
Кездесулерде өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланып, түрлі конфессия өкілдерінің бейбіт өмір сүруі мен өзара қарым-қатынасын нығайтудағы Қазақстанның ықпалы атап өтілді.
Асқар Қуанышұлы Ф.Брюске мырзаға Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне ресми шақыру хат табыстады.
- 18.07.2022
- 235