- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Көлік құралдарын пайдалану ережелері қабылданады
Әскери полиция бас басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрық жобасын әзірледі. Онда 200 шақырымнан астам қашықтықта ҚР Қарулы күштерінің Көлік құралдарын пайдаланудың бірыңғай тәртібін белгілейтін ережелер бекітіледі.
Бұл нормативтік құқықтық құжат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 158) тармақшасына сәйкес қабылданады.
Ережеге сәйкес, 200 шақырымнан астам қашықтыққа рейс жасау үшін құжаттарды жоспарлау және ресімдеу алгоритмі айқындалып, сондай-ақ алыс рейстер жасайтын көлік құралдарын бақылау тәртібі белгіленеді.
Тұтастай алғанда, аталған өзгерістер қорғаныс ведомствосының жаңадан атау алған құрылымдық бөлімшелеріне ғана қатысты.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде 1 тамызға дейін мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14154786
- 18.07.2022
- 238