• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодарда 2022 жылдың соңына дейін 21 мыңға жуық жұмыс орындары құрылады

Жыл басынан бері ең көп тұрақты жұмыс орындары ауыл шаруашылығы, сауда, жөндеу және өнеркәсіп салаларында құрылды. Бүгін Павлодар облысының әкімдігінде 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджеттің орындалуы мен тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. 

Осы жылдың алты айында облыста 9 935 жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың ішінде тұрақты жұмыс орындарының саны – 5352. Ақтоғай, Аққулы және Ертіс аудандарында жұмыспен қамтудың оң динамикасы байқалады.  

«Тұрақты жұмыс орындарының көпшілігі ауыл шаруашылығы, сауда, жөндеу және өнеркәсіп салаларында құрылды. Жалпы алғанда, жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 11103 адам қамтылды», - деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпова.

Жыл басынан бері «skills.enbek.kz» порталында 339 адам онлайн оқудан өтті.  «Бастау Бизнес» жоабсының шеңберінде 123 грант берілді. Бос орындар жәрмеңкесі 59 рет өткізіліп, нәтижесінде  311 адам жұмысқа орналастырылды. Мобильді жұмыспен қамту орталықтары 237 рет көшпелі жиындар өткізген. 159 жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар бойынша 886 жұмыс орындары құрылды. Жыл соңына дейін барлығы 20855 жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр. 

Әбілқайыр Сқақов мобильді жұмыспен қамту орталықтарының санын арттырып, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру көрсеткіштеріне қол жеткізуді тапсырды. 

📌«Мобильді жұмыспен қамту орталықтарының тиімділігі бос орындар жәрмеңкесіне қарағанда  3-4 есе жоғары. Осы жұмысты күшейту керек. Инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде мердігерлермен жұмыс істеп, адамдарды сол жерде бірден жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдау қажет», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Шақатов 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджеттің орындалуы туралы ақпарат берді. Жыл басынан бері облыс бюджетіне 121 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Түсімдердің өсуі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 134,3%-ға артық. Аумақтық бөлініс бойынша кірістер жоспарын барлық өңірлер орындаған. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,6% игерілген. 

Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың басшыларына бюджеттің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу процедураларын бекітілген жоспарларға сәйкес өткізуді тапсырды. Қаржы басқармасы ай сайын бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізуі тіис.  

  • 25.07.2022
  • 365
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика