- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Павлодарда ІМАД жаңа басшысы таныстырылды
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов кеңейтілген мәжілісте Павлодар облысы бойынша ІМАД-ің жаңа басшысын таныстырды.
Қаржы министрінің бұйрығымен Махметов Дәурен Қанатұлы ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Дәурен Қанатұлы еңбек жолын 2012 жылы Павлодар облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясында бастады. 2013 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті және Ішкі мемлекеттік аудит комитеттерінде бірқатар лауазымдарды атқарып, басқарма басшысы болды.
- 25.07.2022
- 229