• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР Парламент Сенатында «Ұлттық құндылықтар – рухани жаңғырудың негізі» атты дөңгелек үстел өтті

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенаты депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және спорт, білім және ғылым министрліктерінің басшылары, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өз сөзінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы ұлттық құндылықтардың ерекше рөліне мән берді.

«Ұлттық құндылықтарын бағалап, санасын саралай білген елдің қашанда болмысы бөлек, рухы биік. Ұлттық жаңғыру – азаматтардың озық санасын дамыту арқылы ұлттың озат болмысын қалыптастыру үшін қажет» - деп атап өтті Аида Балаева.

Бүгінгі күні бағдарламаның негізгі жүйелендірілген бағыттары бекітілді: «Тұлғалық даму», «Ұлттық бірегейлік және халықаралық мәртебені арттыру», «Мемлекетті, азаматтық қоғамды және жергілікті қоғамдастықты дамыту».

Әлемде орын алған өзгерістерге байланысты бағдарламаға бірқатар жаңа арнайы жобалар іске қосылды. Бағдарлама аясында қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдалануды көздейтін прагматикалық өмір салтын қазақстандықтардың құндылықтар жүйесіне енгізу үшін «Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы іске асырылуда. Жоба аясында халықтың қаржылық сауаттылықты арттыру, жоспарлау дағдылары, ресурстарды тиімді бөлу бағыттарына назар аударылатын болады.

Сонымен қатар, ұмыт болған, бірақ тәрбие құндылығы тұрғысынан қазіргі заманда өзекті болып отырған дәстүрді қайта жандандыруға бағытталған «Дәстүр мен ғұрып» жобасы іске асырылуда.

Ағымдағы жылы іске қосылған жаңа жобалардың бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық мәдениет» жобасы бекітіліп, жауапты мемлекеттік органдармен тиісті жұмыс басталды.

Бұған қоса, заманауи сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат беретін – «кәсіптік бағдарлау», сондай-ақ, ресурс үнемдеу мен жаңа экологиялық этиканы қалыптастыруға үндейтін – экософия тұжырымдамасы бойынша іс-шаралар кешені қарастырылды.

Экософия тұжырымдамасы – ҚР Президентінің балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру бойынша жүктеген тапсырмасына үндесетін жоба болмақ.

  • 19.11.2020
  • 395
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика