• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қазақстан халқына» қоры мен Жамбыл облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

 

Қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» атты қор құрылып, қалталы азаматтар ақша аудара бастаған еді. Міне, содан бері қор атаулы көмек көрсету және даму бағдарламасын іске асыру бағытында жұмыс істеп келеді. Бүгінде қордан көмек сұрағандардың ішінде азқамтылған және көпбалалы отбасылар көп. Дегенмен, қор ең алдымен ерекше қажеттілігі бар балалардың аяққа тұрып кетуіне барынша ықпалдасуда. Бұл расында Балалар жылы қарсаңында қолға алынған игі шарпалардың бірегейі.

Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева айрықша атап өтіп, қордың жоба-жоспары, бағыты туралы кеңінен айтып берді.

Жалпы облыста ерекше білім алуды қажет ететін 7898 бала болса, оның ішінде 2786 баланың мүмкіндігі шектеулі. Аймақтағы 444 мектепте 1262 бала инклюзивті біліммен қамтылған. Сол секілді 4 арнайы түзету мектеп интернатында 501 балаға қызмет көрсетілуде.

Басқосуда облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдегі ерекше қажілеттілігі бар жастар туралы тоқталды.

– Облыста ерекше білім мен тәрбиені қажет ететін балалар үшін жобалар әзірленуде. Атап айтқанда мектептен тыс және мектепшілік олимпидалар өткізетін облыстық орталықты қайта жаңғыртып, ерекше қажеттілігі бар балаларды сол орталықта бейімдеу жоспарлануда. Аталған орталықта 1500 және 100 орындық жатақхана үшін қосымша ғимарат қарастырылуда. Сондай-ақ Тараз қаласында аутизм және оңалту орталығына қосымша ғимарат пен жатақхананың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жобалардың құны 1 миллиард теңгені құрамақ. Осыған орай аталған мәселелерді қор тарапынан шешуді ұсынамыз,–деді облыс әкімі.

Бұдан соң «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қордың алдағы жобалары мен бағдарламалары және 6 айдағы жұмыс ауқымы туралы баяндады.

– Қор ресми тіркелген күні-ақ жұмысын бастап кетті. Сол күннен үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өткізіп тұрамыз. Елімізде 25 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар болса, оның ішінде мыңға тарта ұйым белсенді жұмыс істейді. Қорға ел бойынша 40 мыңға жуық азамат өтініш тастаса, соның 1800-ден астамы Жамбыл облысынан түскен. Біз сол өтініштерді жік-жікке бөліп, саралап қарадық. Айтқым келгені, қордың ақшасына несие жабылмайды және той томалаққа көмек сұрағандарға көмек көрсетілмейді. Көмек тек шын мұқтаж жандарға көрсетіледі. Біз әуелі құқық қорғау органдарының қатарында жүріп, оқыстан қаза тапқан азаматтардың отбасына 7 миллион теңгеден аудардық. Сол секілді ауыр жараланған азаматтардың отбасына да қаржылай көмек көрсетілді. Елдегі ЖОО білім алатын төмен отбасыдан шыққан студенттерге грант берілуде. Олардың басым көпшілігі тұрмыс жағдайына байланысты үлгерімі нашарлаған студенттер. Сол секілді денсаулық сақтау саласында туғаннан көру қабілетінен ажыраған нәрестелердің еміне, тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға жәрдемдесудеміз.

Бұдан өзге тамыр потологиясы бойынша сырқаттанған балалардың да өтінішін қуаттап отырмыз. Кейінгі жылдары аутизммен ауыратын балалар да көбейіп келеді. Сондықтан біз сегіз өңірде реабелитациялық орталық ашуды жоспарлап отырмыз. Сол орталықтың бірі Тараз қаласында ашылады. Бізде медицина саласындағы тәжірибелі мамандар көптеген ауруды емдеуге қауқарлы. Сондықтан реабелитциялық орталықтарда қызмет көрсету сапасына Европадағы елдер секілді айрықша көңіл бөлгеніміз жөн,–деді Ләззат Алтынбекқызы.

Дөңгелек үстел отырысында қоғам белсенділері қор басшылығына ашық сұрақ қойып мардымды жауап алды.

Жиында өңір басшысы ауылдық жердегі білім сапасын қала деңгейін жеткізу мәселесін қаузап, қордың осы жұмыстарға араласқанына ризашылығын білдірді. Нұржан Нұржігітов қордың көмегімен жыл сайын бір ауданда мектеп ашып, мұғалімдерді арнайы оқудан өткізу мәселесі қолға алу туралы да ұсынысын білдірді.

Кездесу соңында Жамбыл облысының әкімі мен «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

  • 29.07.2022
  • 357
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика