• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің басшыларымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті Каддуми Саад-Аль, Азия-Тынық мұхиты аймағы қолөнершілерінің дүниежүзілік кеңесінің вице-президенті Азиз Муртазаев, «Асыл Дизайн» сән үйінің «Аспара» брендінің бас дизайнері  Айдархан Қалиевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Тараз қаласын Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енгізуге қатысты орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Қонақтар осы жөніндегі халықаралық сараптамалық комиссия мүшелері болып табылады.

Облыс әкімі өз сөзінде 2000 жылдан астам тарихы бар Тараздың өткені өнегеге, тағылымға бай екенін, бүгінде құндылықтарды жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар жоспарланып, қолға алынып жатқандығын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымызда 3435 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Олардың 5-уі - халықаралық ЮНЕСКО ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізбесіне алынған, 25-і – республикалық дәрежедегі, 698-і жергілікті маңыздағы ескерткіштер.

- Үш күндік сапарларыңызда Тараздың терең тарихымен танысып, жәдігерлерге бай екеніне, қолөнершілер қаласы атануына лайық екеніне көз жеткізе түсесіздер деп ойлаймын. Тарихымызды таныту арқылы туризмді дамыту бойынша ауқымды шаралар жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыс істейміз деген кәсіпкерлерге барлық қолдаулар көрсетіледі,-деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде қонақтар да жылы шыраймен қарсы алған жамбылдықтарға ризашылығын жеткізіп, аймақтың мәдени, рухани бағытындағы жұмыстарын оң бағалады. Облыстың қолөнершілік және туристік әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, коммиссия тарапынан жалпы оң шешім қабылданатынына сендірді.

 Каддуми Саад-Аль мырзаның айтуынша, Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізімі 2014 жылдан бері құрылуда. Бүгінгі таңда бұл тізімге дүниежүзінің 55 қаласы енген.

Қолөнершілер қалалары тізіміне Өзбекстан Республикасының Самарқан, Бұхара, Хиуа, Қоқан қалалары енгізіліп, бүгінгі таңда Үргеніш қаласы осы тізімге қосылуға өтініш беріп отыр. Қырғызстан Республикасының Нарын қаласы да осы тізімге енгізілген.

Сарапшылар алдағы екі күн бойы «Көне Тараз шеберлері» қолөнер көрмесіне қатысып, қолөнерді жүзеге асыру нүктелерімен танысып, өңірдегі мәдени-тарихи нысандарды аралайды.

 

  • 01.08.2022
  • 278
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика