- Блогтар
- Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.
ҚР Туризм және спорт министрі
Ақтоты Райымқұлова Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысында баяндама жасады
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Парламент Мәжілісінің пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша бірінші оқылымда баяндама жасады.
Заң жобасындағы түзету мен толықтырулар елімізде қабылданып жатқан стратегиялық құжаттарға сәйкес туризм саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, ұзақ мерзімге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдығының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталған.
Министр түзетулер қандай бағытта жоспарланып жатқанын жеткізді.
- Ұғымдық аппаратты жетілдірумен, туризмді жіктеумен, саланы мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеумен байланысты нормаларды қайта қарау;
«Мемлекеттік реттеу, атаулы мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тұрғысынан маңызды мәселенің бірі туристік қызметтің қазіргі түрлері мен бағыттарын нақты жіктеудің болмауы. Осыған байланысты туристік кластерлерді дамытудың стратегиялық жоспарларын, туристік қызметтің жекелеген бағыттарын іске асыру мақсатында заң жобасында туризмді жіктеу көзделген».
- Басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізу;
Басым туристік аумақ енгізу – заң жобасындағы негізгі бөлім.
Басым туристік аумақ құрудың мақсаттары:
- синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
- туристік кластерге кіретін ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;
- материалды және зияткерлік ресурсты неғұрлым келешегі зор нүктелерге шоғырландыру.
Айта кетейік, басым туристік аумақ – туристік салаға инвестиция мен халықаралық стандарттарды енгізуді көздейтін іс-шаралар кешені. Аумақты (география шекараларын) ҚР Үкіметі айқындайды. Уәкілетті орган басым туристік аумақтарды қалыптастыру, олардың жұмыс істеуі мен басқару қағидаларын әзірлейді, бекітеді. Басым туристік аумақ – туристификация картасының республика деңгейіндегі объектілер тізбесіне енгізілген әлеуеті бар аумақ.
Басым туристік аумақтағы инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес қолданыстағы заңнамада белгіленгенге қарағанда 2 млн.АЕК – ке қарағанда инвестициялардың ең аз шекті мәні 200 мың АЕК болатын инвестициялық преференцияларды енгізу көзделеді».
- Туризм саласындағы субъектілердің тізбесін кеңейту;
«Туристік қызмет субъектілерінің негізгі ерекшеліктері мен сипаттамаларын, олардың туристік қызметтерді көрсетуге және туристік өнімдерді қалыптастыруға қатысуын айқындау ұсынылады» Заң жобасында туристік оператор мен туристік агент, гид, экскурсовод, туризм нұсқаушылары терминдеріне анықтама берілген. Гид, экскурсовод, туризм нұсқаушылары жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс.
- Tax Free, «туристік жарна» жүйесін енгізу;
Көзделеді:
- жүйе операторын, Tax Free жүзеге асыру тәртібі мен шарттарын анықтау»,
- шетелдік туристен Bedtax туристік алымын енгізу
- Туризм саласындағы ұлттық компанияның функцияларын бекіту;
«Ұлттық компанияның мәртебесін, қызметінің бағыты мен өкілеттіктерін заңнама деңгейінде белгілеу оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді».
- Азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесінің тетігі және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік;
«Шығу туризмінде туристерді қорғау деңгейін арттыру бойынша шаралар кешенін қабылдау. Туроператорлар ұйымдастырған шығу туризмі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына туристік код беру тетігін енгізу, сондай-ақ кепілдік беру сомаларын жинау және қайтару тәртібін регламенттеу енгізу жоспарланып отыр.
- Олжалық аң аулауды дамыту; фермерлік аңшылық шаруашылығының кәсіпкерлігін қолдау;
«Әлемдік тәжірибе кәрі жануарларды жоюдың ғылыми негізделген лимиті популяцияға депрессиялық әсер етпейтінін, ал кейбір жағдайларда оның өнімділігін арттыратындығын дәлелдеді».
- Туризм саласындағы реттеу саясатын жетілдіру;
«Осы уақытқа дейін туроператорлық қызметке лицензия қызмет бағыттарына қарамастан берілді. Қызметті жүргізуді оңайлату және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында заң жобасымен мынадай шаралар ұсынылады:
1) келу және ішкі туризм саласындағы туроператор қызметін лицензиялауды хабарлама жасау тәртібіне ауыстыру.
2) жануарлардың өсімін молайту және мал шаруашылығын дамыту мақсатында жануарлар дүниесін қорғау туралы заңнама шеңберінде рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру;
3) профилактикалық бақылауды регламенттеу.
Министр атап көрсеткен нормалар саланың дамуына оң әсерін тигізіп инвестицияларды жандандырудың қолданыстағы тетігі болатынына сенім білдірді.
«Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар құзыреттерге өзгерістер мен нақтылаулар енгізуді көздейді:
1) ҚР Үкіметінің:
- туристік жарнаның мөлшері мен төлеу тәртібін бекіту;
- басым туристік аумақтарда басқарушы компанияны анықтау;
2) Уәкілетті органның:
- мемлекеттік ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- туристік және рекреациялық мақсаттарда мемлекеттік ұлттық парктердің учаскелерін бекітуге конкурстар өткізу;
- туризм инфрақұрылымын құру және жетілдіру жөніндегі қызметті үйлестіру.
- туристік қызметтерді өтеу қағидаларын бекіту;
- туристификация картасын бекіту;
- басым туристік аумақтарды қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін бекіту»,-деп қорытындылады сөзін А.Райымқұлова.
Жиын соңында Мәжіліс төрағасы Н.Нығматуллин Заң жобасының Туризм саласындағы ұлттық компанияның функцияларын бекіту туралы бөліміне түзетулер мен өзгерістер енгізу керектігіне тоқталды. Осылайша, Нұрлан Зайроллаұлы депутаттардың қолдауымен ұсынылған Заң жобасын мәжілістің екінші оқылымында қарастыру туралы шешім шығарды.
- 19.11.2020
- 324