• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шеткері аумақтарға көңіл бөлу, нүктелі құрылысты шектеу және өтініштермен жұмыс істеу – облыс әкімі Павлодар қаласын дамыту бойынша тапсырмалар берді

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов қала әкімі Асайын Байхановтың облыс орталығын дамыту жоспарының жүзеге асырылуы туралы есебін тыңдады.   Қала әкімі абаттандыру, коммуналдық, жол және басқа да құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндады. Атап айтқанда, Байхановтың хабарлауынша, қазіргі кезде топырақ жамылғысы бар 25 жол учаскесі асфальтталды, ал шұңқырлы және ағымдағы жөндеу жұмыстары тиісінше 30 мың шаршы метр аумақта және 12 негізгі көшенің 5-інде аяқталды. Павлодар жолдарының төрттен бір бөлігі қазір қанағаттанарлықсыз жағдайда. Орнатуға жоспарланған 150 балалар алаңының 60%-дан астамы құрылды. Қалалық әкімдік бұл жұмыстарды осы жылдың қазан айына дейін аяқтауды жоспаралап отыр.   Әбілқайыр Сқақов байқағандай, аулаларды абаттандыру жұмыстары баяу жүруде. Мұның себептерінің бірі – алаңдарды орнату жұмыстарын жалғыз мердігер ұйымның орындауы. Аулаларды абаттандыру туралы айта келе, облыс әкімі орталықтан шалғай жатқан қала бөліктерін дамытуға ерекше назар аударды.   📌«Бүгін, маған Жаяу Мұса көшесіндегі 7 Б үйдің тұрғындары суреттер жіберді. Аулада балалардың демалысына жағдай жасалмаған. Осы үйдің балалары онсыз да бала саны көп көрші аулаға баруға мәжбүр. Мен шағын аудандар мен шеткері аймақтарды  назардан тыс қалдырмауды талап етемін. Мердігрелік жұмыстардың қарқыны мен сапасын бақылауға алуды тапсырамын», - деді облыс әкімі Павлодар қаласының басшылығына.   Абаттандыру тақырыбын жалғастырған Әбілқайыр Сқақов қала бойынша аялдама павильондары мен қоқыс жәшіктерін жаңарту және орнату қажеттігін атап өтті. Павлодарда қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі байқалады, бұл облыс орталығындағы санитарлық мәдениетті арттыруға ықпал етпейді.   Көп пәтерлі үйлерді басқарудың жаңа формасына көшу барысы да сауалдар тудырады. Үйлердің тек жартысынан астамы ПИК-ен МИБ мен ҚС түріне ауыстырылды. Өңір басшысы тұрғындармен тұрақты кездесулер арқылы түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Кейбір қала тұрғындары облыс әкіміне олардың үйлерінде ешбір жиналыс өткізілмегенін айтып шағымданды.   Құрылыс мәселелеріне көшкен аймақ басшысы нүктелі құрылыс проблемасына кезекті рет назар аударды. Еске сала кетейік, сәуір айында өткен Павлодар қаласын дамыту жөніндегі жиында Әбілқайыр Сқақов оны шектеу туралы тапсырма берген еді.     📌«Нүктелі құрылысты шектеу керектігін қайталап айтамын. Бұл мәселеде қала басшылығының нақты ұстанымы жоқ. Торайғыров көшесіндегі құлаған үй бұзылған соң-ақ, бірден жаңа үй салуға рұқсат берілді», - деді облыс әкімі.   Қала әкімдігінде тұрғындардың өтініштерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастыруы жиынның жеке тақырыбына айналды. Облыс әкімі байқағандай мұнда құрғақ уәде беріп, шығарып салу тәжірибесі жалғасуда. 📌«Маған қала мәселелері бойынша жүгінген тұрғындардың жартысына жуығы қысқа уақыттан кейін сол шағымдармен қайта оралады. Олар өздерімен сіздер берген жауаптардың фотосуреттері мен скриншоттарын әкеледі. Олар әдеттегідей түсініксіз тілмен жазылған және нақты мән-мағынасы жоқ», - деді Әбілқайыр Сқақов.   Өтініштердің белгілі бір бөлігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мәселелеріне қатысты. Қала тұрғындары тұрғын үй қатынастары бөлімінің жұмысына шағымданады. Атап айтқанда, наразылықты өздерінің айтуынша ешбір алдын ала хабарламаларсыз пәтер кезегі кері шегерілген тұрғындар наразылық білідруде.   📌«Өзіңіз немесе тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары осы адамдардың орнында болсаңыздар не істер едіңіздер? Ойлап көріңіздерші: сіз ондаған жылдар бойы өз кезегіңізді күтіп, оны үнемі тексеріп отырасыз, осы кезеңде жалдамалы пәтерде күнелтесіз, ал, күндердің күнінде кезегіңіздің артқа жылжығанын білесіз. Тұрғын үй қатынастары бөлімінің жұмысы бойынша тиісті шешімдер қабылдауды тапсырамын», - деді өңір басшысы қала әкіміне.   

Жиналыстың қорытындысы бойынша Әбілқайыр Сқақов нақты тапсырмалар берді. Олардың қатарында мердігерлердің жұмысын бақылауды күшейту және қалалық әкімдіктің бірқатар бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыру мәселелері де бар.  

  • 02.08.2022
  • 270
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика