• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алты айда атқарылған жұмыстар сараланып, өзекті мәселелер талқыланды

Ағымдағы жылдың алты айында Жамбыл облысында экономиканың барлық салаларында оң динамика қалыптасқан. Оған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы тапсырмаларды өңірімізде тиімді іске асырудың нәтижесінде қол жетіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде жан-жақты айтылды.

Алғашқы болып сөз алған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова осы жылдың қаңтар-маусым айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады. Оның айтуынша, биыл бірінші тоқсанда жалпы өңірлік өнім 463,1 млрд.теңгені құрап, 5 пайызға артқан. Ал, алғашқы жарты жылдықта экономикалық өсім 104,1 пайызды құраған.

Сол секілді өнеркәсіп - 108,1 пайыз, ауыл шаруашылығы - 102, құрылыс - 105,7, тұрғын үй көлемі 103,7, сауда – 105,3, байланыс - 101,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. 155,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 255 млрд. теңгеге көлік қызметі көрсетілген.

Өзіндік кірістер 58,9 млрд. теңгеге орындалып, 25,7 пайызға артса, бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілген. Бұл көрсеткіштердің барлығы республикалық орташа көрсеткіштен жоғары қалыптасқан.

Дегенмен, басқарма басшысы Тараз қаласы мен аудандар бөлінісінде бірқатар көрсеткіштерде жоспарды орындауда сылбырлық танытып, артта қалғандарды да ашып көрсетті. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұлттық жобалардың орындалу барысына жүргізілген талдау қорытындысына да назар аудартты. 10 бағыт бойынша жекелей тоқталып, орындалмай қалу қаупі бар индикаторларға көңіл бөлді.

Облыс әкімі көрсеткіші төмен салалық басқармалардың басшыларынан жауаптар алып, жұмысты ширатуды тапсырды.

- Аудандар мен басқармалар өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек. Әзірге ол байқалмайды. Орталық атқарушы органдармен де жүйелі байланыс орнату маңызды.

Жылдың қорытындысымен барлық индикаторлар орындалуы тиіс. Ешқандай сылтау қабылданбайды!

Қайта өңдеу кәсіпорындарын құру бойынша жұмыстар көңіл көншітпейді. Жеке инвестиция есебінен жобаларды жүзеге асыруға ден қою қажет. Бұл бағытта әр ауданның әлеуеті ескеріле отырып, басқармалармен бірлесіп әзірленген жоспарлы жобалар бар. Енді сол жоспардың орындалуы қатаң бақылауда болады. Осы тұрғыда жұмыстарды күшейтуге ешқандай кедергі жоқ деп ойлаймын,-деді Нұржан Нұржігітов.

Басқармалардың өздеріне тиесілі индикаторларға қатысты жауаптарына қанағаттанбаған облыс әкімі өзінің орынбасары Нұржан Календеровке бөліністі қайта қарауды жүктеді.

Басқосуда облыс әкімінің орынбасарлары Нұржан Календеров пен Еркін Үйсімбаев баяндама жасап, әр саладағы атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелерге айрықша тоқталды.

Жиында бағаны тұрақтандыру, жұмыссыздықпен күрес, мектептердің асханаларында ас сапасы, жастар саясаты, ауылдық клубтардың штаттық бірлігін арттыру секілді бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

- Жаңа оқу жылында мектептердегі ас сапасы барынша бақылауда болуы тиіс. Балалар қажетті дәрумендермен, таза бал, сүт секілді өнімдермен қамтылуы қажет.

Ұрпақ тәрбиесі, жастар саясаты – басты назардан түспейді. Оқушылар сабақтан соң бос уақытында спортпен, қосымша үйірмелермен шұғылдануы үшін барлық жағдай жасалуда. Көптеген спорт кешендері мен алаңшалар, мәдени мекемелер бой көтеруде. Осы мақсатта ауылдық клубтардың штаттық бірлігін арттыру ісін де қолға алып жатырмыз.

Сол секілді жастар саясатына бей-жай қарауға болмайды. Жастар орталықтарына арнайы ғимарат қарастырып,  қажетінше жабдықтауға ден қойыңыздар. NET санатындағы жастармен жан-жақты жұмыс жүргізу маңызды,-деген Нұржан Нұржігітов аудан әкімдері мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиында облыс әкімі аппаратының басшысы Мәди Мәтен жергілікті атқарушы органдардың орындаушылық тәртібі туралы баяндама жасады.

Облыс әкімі барлық тапсырмалардың уақытылы орындалу керектігін ескертіп, кері байланысты нығайту, атқарылған жұмыстарды көрсете білу, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде, сапалы жауап беру секілді мәселелердің маңыздылығын баса айтты.

Аймақ басшысы мұндай әкімдік мәжілісін енді мүмкіндігінше айына бір рет өтетінін жеткізді.

  • 04.08.2022
  • 244
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика