- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Павлодар облысының әкімі Екібастұз қаласы әкімінің отставкасын қабылдады
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға берді. Осылайша, ол 2022 жылғы 8-тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің тікелей бағынысындағы қызметкер - қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты.
Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді.
- 09.08.2022
- 207