• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Zhas Project» жобасы аясында шағын гранттар беріледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттарға қатысуға өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасы аясында Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылып жатқан жоба енді Жетісу және Ұлытау облыстарын да қамтиды.
Аталған өңірлерде жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінді. Әрбір грант аясында нақты жобаны қаржыландыруға 1 миллион теңгеге дейін қаржы қарастырылып отыр.
«Zhas Project» жобасының негізгі мақсатының бірі - жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдау.
Шағын гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Жобада жұмыссыз ретінде тіркелген жастар; аз қамтылған отбасыларда тұратын жетімдер және мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар; көп балалы отбасылар, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі.
Конкурстық рәсімдер ашық болу үшін аталған аймақтарда өңірлік комиссиялар құрылады, оларға қоғам өкілдері, салалық сарапшылар, кәсіпкерлер кіреді. Жобаларды іріктеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың барлық отырыстары әлеуметтік желілерде онлайн-режимде көрсетіледі. Әрбір жоба сараптамадан өтеді, олардың әрқайсысын іске асырудың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіледі. Республикалық қоғамдық мониторинг тобы құрылады.
Өтінімдерді қабылдау мына сайттарда жүзеге асырылады: zhasproject-almobl.kz, zhasproject-karaganda.kz, zhasproject-mangystau.kz, zhasproject-turkestan.kz.
Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.

Жобаға қатысты сұрақтар бойынша қосымша ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
1. Алматы және Жетісу облыстары: 8 705 214 63 67
2. Түркістан облысы: 8 705 244 60 27
3. Маңғыстау облысы: 8 778 497 90 17
4. Қарағанды облысы: 8 775 764 8747

  • 09.08.2022
  • 292
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика