• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру жұмыстары талқыланды

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңес отырысында халықаралық даму банктері арқылы құрылысы жүргізіліп жатқан каналдардың жайы қаралды. Жиынға ҚР Экология, геология жне табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Нұржан Алдамжаров, «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов қатысты.

Аймақ басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ИДЖЖ-2) аясында өңірде біршама жұмыстардың қолға алынғандығын айтып, жауаптылардан сол шаралардың барысы туралы сұрады.

«Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының директоры Қазыбек Бедебаев су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндады.

- Қазір алқапқа су беру бағытындағы жұмыстар жоспарлы жүзеге асуда. Халықаралық даму банктері арқылы қазіргі кезде 6 мердігер жұмыс істеуде. Аудандардағы каналдар, ұңғымалар мен лотоктар, арналар жөнделуде. Бүгінде 2 су қоймасын күрделі жөндеу бойынша бюджетке өтінім берілді. «ПУИД-2» бағдарламасы бойынша үш ауданда жұмыс жүргізіліп жатыр. Шу ауданында сапалы жұмыс атқарылуда. Қордайдағы шаруалар да аяқталды. «Ынталы» су қоймасын жаңарту жұмыстары қолға алынды. Аудандарда ұңғыма қазу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаруалар су тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізуде, – деді Қ.Бедебаев.

   Облыс әкімі ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасының үшінші кезеңіне жалпы өңірдегі 305 каналдың 183-і жобаға енуі аса маңызды екенін атап өтті. Оның нәтижесінде облыстың 5 ауданында жалпы ұзындығы 1 240 километрді құрайтын суару жүйелері қалпына келтіріледі. 31,3 мың гектар суармалы жерлердің сумен қамтамасыз ету деңгейі артады және бұрын істен шыққан 32 мың гектар суармалы жерлер қайта айналымға енгізіледі деп күтілуде. Сондай-ақ, су шығыны 2 есе азайып, облыстағы шаруалардың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс сапасы жақсарады деп көзделуде. Себебі, осы жоба толықтай орындалса, 6300-ге жуық адам жұмыспен қамтылады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі 2 есе ұлғайып, алынатын өнім көлемі жыл сайын 25,3 миллиард теңгеге артпақ.

– Вегетациялық кезеңде шаруаларға су жетіп, жобалар ойдағыдай жүзеге асты. Енді негізгі 183 каналды реттеу қажеттілігі туындап отыр.

Сондай-ақ, Меркі ауданында ұңғымалар қазылғанын білеміз. Осы жүйені басқа аудандарға да барынша енгізу керек, – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.

Басқосуда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің Су ресурстары комитетінің төрағасы Нұрлан Алдамжаров шаруаның барлығы қаржыға келіп тірелетінін айтып, жұмысты кезең-кезеңімен іске асырудың тиімділігін алға тартты.

Тараптар суармалы су мәселесін шешу, суармалы алқаптардың көлемін арттыру жұмыстарында бірлесе отырып нақты нәтижеге жетуге болатынын, алдағы уақытта да бұл бағыттағы тығыз қарым-қатынас жалғаса беретінін жеткізді.

  • 10.08.2022
  • 251
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика