- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Нұржан Нұржігітов: Кәсіпкерлер мен шаруалар бізге емес, біз оларға жұмыс істеуіміз керек
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте азық-түлік тауарларының бағаларын бақылау, мониторинг жұмыстары, әлеуметтік дүкендердің қамтылуы, сақтау қоймаларының дайындық барысы туралы жан-жақты сараланды.
- Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын бақылауда ұстау, тұрақтандыру жұмыстары – басты талап. Ол үшін бізде қажетті шаралар қабылданып, жоспар әзірленген. Бұл тұрғыда әлеуетіміз де жеткілікті. Дегенмен, осы орайдағы жауаптылардың жұмыстары ойдағыдай дей алмаймыз,-деген облыс әкімі бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрады.
Жиында сөз алған ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Көкөніс сақтау қоймаларының ағымдағы жағдайы және шаруашылықтармен жасалған форвардтық келісім шарттар жөнінде баяндады.
Облыс әкімінің шаруашылықтармен сауда орындары арасында делдалсыз өнімді өткеру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге дейін жалпы 17 мың тонна өнім көлеміне 204 дүкенмен келісім шарттар жасалған. Дегенімен келісім жасалған өнім көлемі әр аудан халқының тұтыну нормасы қажеттілігінің 5 пайызын да қамтуға жеткіліксіз.
Аймақ басшысы осыған орай ерте пісетін өнімдерді делдалсыз тікелей дүкенге жеткізу үшін шаруашылықтармен жұмыс жасау қажеттігін баса айтты.
Өз кезегінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев азық-түлік тауарына үстеме ақыны 15 пайыздан асыра қосып сатқандар туралы мониторинг қорытындысын хабарлады.
Оның айтуынша үстеме ақы талабын бұзғандарға 16 ескерту берілген.
Облыс әкімі талапты бұзғандарға айыппұл салу, шаралар қолдану бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, «Алқаптан сөреге дейін» жобасының орындалуындағы кемшіліктерге тоқталып, соған сәйкес жауаптыларға қатаң ескерту жасады. «Айналым схемасы» бойынша аудандар тарапынан берілген өтінімдердің көлемі көңіл көншітпейтінін атап өтіп, бұл тұрғыдағы «Тараз» ӘКК» АҚ-ның әлсіз жұмысын сынға алды. Тиісті тұлғаларға Меркі ауданындағы пилоттық жоба тәжірибесін қалған аудандарды іске асыру міндеттерін жүктеді.
Жиында, жергілікті отандық тауар өндірушілермен өндірілетін тауарларды өткеруші сауда орындары арасында жасалған тікелей және форвардтық келісім-шарттар іс жүзінде нәтижесіздігін, жасалған келісімшарттардың негізінде жұмыстар бірқатар аудандарда ұйымдастырылмағандығы да айтылды.
- Мемлекет халықтың жағдайын жақсарту, тұрмысын арттыру бойынша ауқымды шаралар қабылдауда. Бұл орайда өңірлік деңгейлерде бағаны тұрақтандыру, бақылау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуі маңызды.
Осы орайда жұмысқа деген көзқарасты өзгертетін кез келгенін тағы да еске саламын. Кәсіпкерлер мен шаруалар бізге емес, біз оларға жұмыс істеуіміз керек. Жағдай жасап, қолдау білдіріп, тиісті жеңілдіктерге қол жеткізу үшін көмек көрсетуіміз қажет. Жауапты басшылар, мемлекеттік қызметкерлер осыны түсінуі тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.
- 10.08.2022
- 199